Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1745 1 пікір 8 Қараша, 2022 сағат 14:29

Алматы мен Маңғыстау облысы мұғалімдерінен аноним шағымдар жиі түседі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов қай өңірдің педагогтерінен арыз жиі түсетініне тоқталды.

«Түркістан облысынан көп өтініш түсті. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша өтініштер жиі келіп жатыр. Бірақ бізге бейресми өтініштер де көп түседі. Бұл – Алматы облысы. Ал ресми статистикаға сүйенсек, Маңғыстау мен Алматы облыстарында көрсеткіш соншалықты жоғары емес»,- деді комитет басшысы ведомствоның аппарат кеңесінде.

Сондай-ақ, ол мұндай анонимділіктің себебін де түсіндірді.

«Шын мәнінде ол жерден бейресми өтініштер келіп түседі. Бұл сол жердегі педагогтердің біздің аумақтық департаментке сенімі төмен және олардың жұмысына байланысты деп білеміз. Екіншіден, ақпараттық түсіндіру жұмысының нашар деңгейде жүргізілетінін айтуға болады. Бұл жұмысты енді қолға аламыз», - деді Ернұр Дауенов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364