Сенбі, 23 Қараша 2024
1226 2 пікір 10 Қараша, 2022 сағат 12:44

Митталға қандай шара қолданылады?

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ленин атындағы шахтадағы қайғылы жағдайдан кейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қолданылатын шаралар туралы айтты.

«Бұл компания үшін көмір өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа алғаш рет жыл сайын кемінде 150 млрд теңге көлеміндегі инвестицияны көмір өндірісін жаңғыртуға салу қажеттігі туралы қосымша талап жаздық. Сонымен қатар көмір қатпарларын газдандыру үшін 7 млрд теңге салады. Бұрын мұндай болған емес. Жер қойнауын пайдалануға өзге де міндеттемелер қойылып отыр», - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысында сенаторлардың сауалына жауап беріп.

Айта кетейік, 3 қарашада түнде «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының Шахтинск қаласында орналасқан Ленин атындағы шахтасында жарылыс болып, апаттан бес адам қаза тапты. Төрт адам ауруханаға түскен.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371