Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
3151 1 пікір 14 Қараша, 2022 сағат 14:02

Министр: "Итбалықтардың қырылуына қатысты зерттеу бір ай ішінде жарияланады"

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізінде итбалықтың қырылуына қатысты түсінік берді.

Оның айтуынша қырылған итбалықтың саны – 141. Ол зерттеу жұмыстарының бір ай ішінде жарияланатынын айтты. Министр итбалықтардың қырылуына күкіртті сутегінің бөлінуі әсер еткен болуы мүмкін.

«Мамандар күкіртті сутегінің бөлінуі итбалықтарға әсер етуі мүмкін дегенді айтып отыр. Тыныс алу үшін итбалықтар су бетіне шығады. Осы орайда бұл итбалықтардың өліміне әсер еткен қандай да бір газдың бөлінуі болуы ықтимал. Біздегі мәлімет бойынша Каспий теңізінде 300 мыңнан астам итбалық бар. Біз тиісті қорықты құру, сондай-ақ Каспий теңізі және биоалуантүрлілік мәселелері жөніндегі мемлекеттік институтты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді министр.

Бұдан бұрын Каспий жағалауынан 100-ден астам итбалықтың өлексесі табылғаны жарияланған болатын.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3127
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1121
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1047