"Мұхтар Шахановты Қарттар үйіне өткізіп жіберіпті" деген ақпарат – жалған
"Мұхтар Шахановты Қарттар үйіне өткізіп жіберіпті" деген ақпарат жалған. Бұл туралы жазушы Құдияр Біләл өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Әлеуметтік желі бетінде "Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне" өткізіп жіберіпті" дейтін шындыққа үйлеспейтін жаңсақ ақпарат тарап жүр. Соған орай маған да хабарласып жатқандар баршылық.
Басын ашып айтайық. Мұның бәрі бос сөз. Бар әңгіме біз Мұхаңмен бірге тамақтанып отырған асханаға жетімдер үйінде тәрбиеленіп, өз еңбектерімен жетістікке жеткен екі жігіт келіп, Мұхаңа сағат сыйлады. Сол әңгіме үстінде біреуі: Балаларын тастап кеткен ата-аналар туралы не айтасыз?" деп сұрады. Мұхаң: "Ондайлар ешактар" деді. Бары осы. Сондықтан біздің кей "достарымыз" өршітіп жатқан жалған ақпаратқа бой алдырмаңыздар. Дәл қазіргі сәтте Мұхаң өз оқырмандарымен кездесуде", - дейді Құдияр Біләл.
Abai.kz