Сенбі, 23 Қараша 2024
1391 1 пікір 16 Қараша, 2022 сағат 13:17

Ғылым жөнінде ұлттық кеңес құрылмақ

Бүгін Мемлекет басшысы Алматыдағы жиында Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құрылатынын мәлімдеді.

«Біз ғылым мен өндірісті ұштастыру туралы жиі айтамыз. Бірақ ондай байланыс әлі де орныққан жоқ. Ащы болса да, мұны мойындауымыз керек. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет. Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімді етуге тиіс. Сонда ғана экономикамыз дамиды

Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама – Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру жөнінде шешім қабылдадым. Оған еңбектері жұртшылыққа кең танымал, ғылыми ортада өте беделді ғалымдарымыз мүше болады. Бұл құрылым ғылым мен технология саласындағы саясаттың басымдықтарын айқындайды. Президент Әкімшілігі, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі тиісті жұмысты ұйымдастыруы қажет. Бұл мәселе менің жіті назарымда»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467