ОСК: "Халықтың 23,37 пайызы дауыс берді"
«Республика азаматтарының 23,37 пайызы дауыс берді»,-деп мәлімдеді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 10.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:
Абай облысы бойынша – 25,64, Ақмола облысы бойынша - 21,21, Ақтөбе облысы бойынша – 26,66, Алматы облысы бойынша – 20,12, Атырау облысы бойынша – 25,03, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 20,86, Жамбыл облысы бойынша – 23,27, Жетісу облысы бойынша – 25,58 , Қарағанды облысы бойынша - 32,27, Қостанай облысы бойынша – 26,97, Қызылорда облысы бойынша – 29,41, Маңғыстау облысы бойынша – 25,20, Павлодар облысы бойынша – 27,90, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,3, Түркістан облысы бойынша – 27,03, Ұлытау облысы бойынша – 27,81, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17, Астана қаласы бойынша – 13,73, Алматы қаласы бойынша – 8,42, Шымкент қаласы бойынша 30,92 пайыз.
Оның дерегінше, жалпы таңғы сағат 10-00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 792 962 азаматы бюлетен алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 23,37 пайызын құрайды.
Abai.kz