Сенбі, 23 Қараша 2024
1189 0 пікір 20 Қараша, 2022 сағат 12:42

ОСК: "Сағат 12.00 дейін азаматтардың 38,55% дауыс берді"

Сағат 12.00-тегі жағдай бойынша, республика азаматтарының 38,55 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов хабарлады.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 43,67,

Ақмола облысы бойынша – 40,13,

Ақтөбе облысы бойынша – 44,48,

Алматы облысы бойынша – 25,83,

Атырау облысы бойынша – 40,42,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55,

Жамбыл облысы бойынша – 44,29,

Жетісу облысы бойынша – 42,18,

Қарағанды облысы бойынша – 44,9,

Қостанай облысы бойынша – 42,87,

Қызылорда облысы бойынша – 43,46,

Маңғыстау облысы бойынша – 41,19,

Павлодар облысы бойынша – 44,23,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64,

Түркістан облысы бойынша – 64,21,

Ұлытау облысы бойынша – 52,22,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86,

Астана қаласы бойынша – 19,33,

Алматы қаласы бойынша – 16,89,

Шымкент қаласы бойынша – 34,41 пайыз», - деді ол.

Оның дерегінше, жалпы таңғы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 606 596 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 38,55 пайызын құрайды.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 14.05, 16.05, 18.05 және 20.05-те берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434