Әлемдік інтернетке QAZNET деп қалай тіркей аламыз
Таза қазақ тілді інтернетті веб-шебер, физик ғалым Сайран Мырзахметұлы Киккарин 1998 жылдың маусымында ылатын жазуы негізінде өмірге әкелді. Ағамыз жаңа ұлттық жазуға қатысты: «Латын әліппеге көшудің мақсаты – кең тараған стандарттарға қосылып, бүкіл жақтан дамыған, қолданысқа дайын және ыңғайлы жазу жүйесіне ие болу.
Сондықтан әліппемізде қолданылатын таңбаларды таңдағанда шынайы кең таралған стандарттарға жүгіну керек. Ақпараттық жүйелерде ең көп таралған латын таңбалар жиынтығы – ISO-8859-1 (Latin 1). Жаңа әліппені жобалағанда осы стандарттың шеңберінде қалған жөн» https://internettv.kz/?page_id=4535 деген пікір айтады. Сайран Мырзахметұлы осы істі қолға алғанға дейін еліміздегі інтернет кеңістігіміз ағылшын тілінің үлесі аз, қазақ тілі мүлдем керексіз болып, тек орыс тілінде сайрады.
Егер біз дәл қазір бүкіл әлем РФ үркіп жатқан кезде інтернет кеңістігімізді қазақ-ағылшындық негізде бекемдемесек бәрінен кеш қаламыз.
Басты мәселе орыс тілін ысырып, ұлттық келбетіміз бен болмыс бітімімізді ашпайтын KAZNET-ті тарих күресіне лақтырып, QAZNET қайыра тіркелуге тіреліп тұр. Kk әріптік доменімізде «qz» болып жазылатын өзгерісті керек етеді
1990 жылы КСРО «su» доменінімен әлемдік інтернет кеңістікке енді. Тұңғыш Кәміптік желіні "Релком" өмірге әкелді. Осы «su» домені IANA-да тіркелді.
IANA (ағыл. Internet Assigned Numbers Authority — «Інтернет кеңістігінің әдірістік әкімшілігі») IP-әдірістердің кеңістігін, жоғарғы деңгейдегі домендерді басқару пүншүнін (функция/қызметін) атқарады. Сонымен қатар MIME (/maɪm/, ағыл. Multipurpose Internet Mail Extensions — інтернет поштаның көпсалалы кеңейтілімінің) мәліметтері типтерін, Інтернет хаттамаларын тіркеуді жүзеге асырады. Оны ICANN («аикен» деп оқылатын ағыл. Internet Corporation for Assigned Names and Numbers «атаулы домендер мен IP-әдірістерді басқару бойынша Кәрпәрәтсіие»1998 жылы 18 қыркүйекте қырылған халықаралық кәмерсіиәлық емес ұйым), бақылауындағы Public Technical Identifiers кәмпәніиәсі жүзеге асырады.
1992 жылы КСРО елдері «su» доменінінен арылуға қатысты Інтернеттік іс-шараларды қолға ала бастады. Бірақ бұл біраз созылып кетті. Ең әуелі жоғарғы деңгейдегі ұлттық домендерін (ccTLD ағыл. “country code Top-Level Domain“) Балтық бойы елдерінің ішінен эстондар мен литвалықтар 1992 жылдың 3 маусымы күні EE және LT деген атаумен тіркеді.
Тап осы 1992 жылы олардың ізін ала Украина (UA) және Гүржістан (GE) өз ccTLD тіркесе, келесі 1993-ші жылы Латвия (LV) мен Әзербайжан (AZ), ал 1994-те – Молдова (MD), Ресей (RU), Беларусь (BY), Армения (AM) және Қазақстан (KZ) өз жоғарғы деңгейдегі ұлттық домендерін тіркеді. Көршілеріміз: Өзбекстан (UZ) мен Қырғызстан (KG) бұл қадамға 1995 жылы барса, Түркіменистан (TM) мен Тәжікстан (TJ) араға тек екі жыл салып, 1997-ші жылы барды.
Семей қазіргі Kaznet-тің негізін салушы болып табылады. Нақтылай айтсақ, 1993 жылдың қарашасында "Релком" кәміптік желісі негізінде семейлік Павл Гусев пен Алексей Остроухтар құрған «RelcomSL» кәпәніиәсі IP Санкт-Петербургқа қосылып, еліміз бойынша кеңестік үлгідегі WWW, FTP, чаттарға қосыла алатын толыққанды Інтернет қосылымын жүзеге асыра алды.
Осылайша 1994 жылы 19 қарашада тек қана орыс тілді қадап айтамын, отаршылдар тілді ұлттық домендік аймағымыз KZ өмірге келді. Оны әлі күнге қазақ тілін керек етпейтін Kaznetmedia кәмпәніиесінің бизнесін дамытуының директоры болып Александр Ляхов қызмет етіп келеді.
Ұлттың күн тәртібіндегі басты мәселе орыс тілді KAZNET-ті тарих күресінге лақтырып, қазақ-ағылшын тілі жарыса қолданылатын QAZNET өмірге әкеліп, оны тіркеуге ғана тіреліп тұр.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz