Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жанайқай 3998 17 пікір 23 Қараша, 2022 сағат 18:04

Қазақты тілдеу трендке айналды. Тараз неге көтерілді?

Таразда «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шықты. Олардың айтуынша, мекеме басшысы Олег Куликов жұмысшыларды «бараны» деп балағаттаған.

Зауыт аумағында 200-ден астам адам жиналып, Ресей азаматы Куликовты «көпшілік алдында кешірім сұрасын, жұмыстан шықсын» деп талап етті.

Наразылық видеолары журналист Нұрадин Ракайдың әлеуметтік парақшасында жарияланған.

Жиналған жұмысшылар жалақы мөлшері мен зауыттың денсаулыққа келтіретін зияны үшін төлейтін төлем мөлшерін 30 пайызға көтеруді талап етті.

«Қарапайым қызметкерлердің жалақы мөлшері – 150-180 мың теңге аралығында, ал басшылық қызметтегілер 18-24 миллион теңге аралығында жалақы алады. Біз бұған қарсымыз»,-деді олар.

Оқиға орнына Тараздың әкімі Бақытжан Орынбеков келді. Ол жұмысшылардан барлық талап-шағымды хат түрінде әкімдікке жолдауды сұрады.

Кейін Жамбыл ауданы әкімдігі Куликовтың кешірім сұрағанын және қызметтен қуылғанын хабарлады.

««Қазфосфат» зауытында орын алған жұмысшылар наразылығына сәйкес Ресей азаматы жұмысшылардан кешірім сұрады және жұмыстан босатылды. Сондай-ақ жұмысшылардың талап-тілектері  мен ұсыныс-пікірлері бойынша жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Ұлтаралық мәселе орын алмаған. Зауыт штаттық режимде жұмыс жүргізуде»,-деп жазды әкімдік хабарламасында.

Жамбыл облысының әкімдігі "Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.

 

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1335
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2907
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917