Жұма, 29 Наурыз 2024
1221 4 пікір 24 Қараша, 2022 сағат 14:36

Жаңа Салық кодексінің жобасы қашан дайын болады

Жаңа Салық кодексінің жобасын жан-жақты пысықтап, сапалы дайындау үшін 1,5 жыл уақыт керек. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы жаңа Салық кодексінің жобасы Парламентке қашан енгізілетінін сұрады.

«Ұлттық жоспар бойынша келесі жылдың қыркүйегі белгіленіп отыр. Алайда талқылау барысында отандық әрі шетел сарапшылары бұл бағытта көбірек уақыт керек екенін айтып жатыр. Құжатты сапалы дайындау үшін кем дегенде бір жарым жыл керек. Біз белгіленген мерзімде орындау үшін тиісті жұмыстарды атқарамыз. Алдағы жарты жылдың ішінде белсенді іс-шараларды жүзеге асырмақпыз. Сондықтан бұл бағытта депутаттардың да қолдауы керек. Жүктелген тапсырма бойынша жаңа Салық кодексі 2024 жылдан бастап күшіне енуі тиіс», - деді Әлібек Қуантыров.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559