Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
2467 5 пікір 24 Қараша, 2022 сағат 14:41

ЕҰУ ректоры Сенат депутаттығына ұсынылды

Бүгін Астана қалалық мәслихатының отырысында Сенат депутаттығына кандидат ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ұсынылды.

«Осы жылдың 31 қазанында 2022 жылдың 22 желтоқсанына шақырылғандардың орнына Астана қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау туралы қаулы жарияланды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, кандидаттарды ұсыну осы жылдың 1-25 қараша аралығында жүргізіледі. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 71-бабына сәйкес, кандидатура мәслихаттың сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен өткізіледі», - деді халалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Осыдан кейін сөз алған Amanat партиясы атынан мәслихат депутаты болып сайланған Азамат Айтхожин сөз алып, Сенат депутаттығына Ерлан Сыдықовты ұсынды.

«Бүгін біз фракция отырысында бірауыздан Ерлан Сыдықовты ұсынамыз деп шештік. Ерлан Батташұлын бәріміз білеміз. Ол - ғылым докторы, профессор, академик. Сенат депутаты болып сайланса, елімізге зор пайда әкелетіндігі сөзсіз», - деді ол.

Бұл ұсынысты Ақ жол партиясының өкілдері де қолдап, мәслихат депутаттары сенаторлыққа Ерлан Сыдықовты лайық деп тапты.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1314
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2881
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903