Вирус жұқтырғаны анықталған адамдардың 87 пайызында ауру белгісі байқалмаған. 23 қарашада ҚХР-да бір науқас COVID-19-дан қайтыс болды. Елде коронавирустан өлгендер саны 5 232-ге жетті.
Бұған дейін COVID-19-дың таралуына қатысты ең жоғарғы көрсеткіш 14 сәуірде тіркелген. Сол күні 29 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған.
23 қарашадағы дерек бойынша, Қытайда 19 мың коронавирус ошағы анықталды. Жарты жыл бұрын 56 ғана болған.
Елде вирустың таралуын бақылауда ұстау қиындап барады. Статистикаға сәйкес, науқастардың 90 пайызында кесел белгілері білінбейді.
ҚХР билігі COVID-19-ға қатысты қатаң саясат ұстанып отыр. 2022 жылы Шанхайда локдаун жарияланып, қала тұрғындары бірнеше апта бойы пәтерден шықпай отырды.
COVID-19 індеті үш жыл бұрын басталды. Коронавирус індет деп танылғалы бері 650 миллион адам осы ауруға шалдықты, алты жарым миллионнан астам науқас қайтыс болды.
COVID-19 ең алғаш таралған Қытайда 288,5 миллион адам вирус жұқтырды, бес мыңнан астам науқас қайтыс болды. ДДСҰ мәліметінше, ҚХР-да COVID-19 жұқтырғандар саны тамызда көбейе бастады. Жақында мамыр айынан бері алғаш рет бір науқас осы кеселден көз жұмды.
Abai.kz