Дүйсенбі, 24 Ақпан 2025
1584 0 пікір 28 Қараша, 2022 сағат 15:21

Антикор: Бизнеске заңсыз араласудың 72 фактісі анықталды

Жыл басынан бері бизнеске заңсыз араласудың 72 фактісі анықталды, олар бойынша 165 сотқа дейінгі тергеу басталды, 112 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 65-і сотталды, деп хабарлайды Антикор.

Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты, соның ішінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою, рұқсат құжаттарын беру және басқалары жатады. Олардың жалпы құрылымдағы үлес салмағы 80% құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жоғарыда көрсетілген барлық фактілер бойынша мемлекеттік органдар басшылығының атына сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізді.

 

Abai.kz

0 пікір