Жұма, 29 Наурыз 2024
1224 0 пікір 29 Қараша, 2022 сағат 15:55

Алматы-2 вокзалында өрт шықты

Бүгін Алматы-2 вокзалының шатыры өртенгені хабарланды. 

«29 қараша күні сағат 14:08-де Алматы қаласы Жетісу ауданы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзалының ғимараты, атап айтқанда вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері - жеке құрамнан 43 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр. 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт сағат 14:50-де өрт толық сөндірілді.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Пойыздардың кешігуі болған жоқ.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610