Жұма, 22 Қараша 2024
1894 1 пікір 30 Қараша, 2022 сағат 13:12

Украинаны қалпына келтіруге қанша қаржы керек?

Соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіру үшін триллион доллардан астам қаражат керек. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский айтты.

Оның сөзінше, қалпына келтіру процесіне қамқорлық жүйесіне кіретін батыстағы серіктес елдер көмектеседі.

"Қазірдің өзінде біз елімізді қалпына келтіруге ондаған серіктес елдерді тартып жатырмыз. Жалпы жұмыс көлемі триллион доллардан асады", - деді Зеленский.

Украина президенті «қамқорлық жүйесі арқылы батыс елдері белгілі бір аймақтарды, қалаларды немесе кәсіпорындарды қалпына келтіре алатынын» айтты.

Зеленский Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Дания, Финляндия, Польша, Португалия, Италия, Түркия, Чехия, Словения, Латвия, Эстония, Швейцария, Словакия, Австрия, Греция, Канада, АҚШ, Жапония және Австралия елдері қазірдің өзінде қамқорлық көрсетуге дайын екенін айтты.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264