Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
3453 2 пікір 30 Қараша, 2022 сағат 13:33

Клебанов Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке 1 теңгеге сатпақ

Клебанов Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке бір теңгеге сатпақ. Бұл туралы Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты.

«Қазақстанның әр азаматы осындай мүлік үшін жауапты боулы керек. Егер Клебанов осы нысандарды мемлекетке қайтаратын болса, халыққа және мемлекетке келтірілген залалды өтеуі керек. Екі күн бұрын әкімдікте жиналыс болды, оған Клебанов та келді. Сол кезде осы жайында оған айттық. Оның айтуынша, аталған нысанды бір теңгеге мемлекетке сатпақ. Біз өз кезегімізде олай болмайтынын, яғни бірінші кезекте кәсіпорынды иелікке алған кезде оның жағдайы мен қазіргі ахуалын салыстырып, соның айырмашылығын анықтап алуды талап еттік. Осы орайда кәсіпкер бұл айырмашылықты төлеуі тиіс, сондай-ақ Екібастұздың тұрғындарына келген шығынды өтеп беруі керек», - деді Е. Саиров.

Бұдан бұрын 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары қақаған аязда жылусыз қалды.

Қалада төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1551
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3164
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1161
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1082