Боранбаевтың інісі көлік тұрақтарын әкімдікке қайтарды
«ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша «AlanParking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді”,- деп жазды Қаржы мониторингі агенттігі.
Ал қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Қайрат Боранбаевтың інісі Мұрат Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.
Агенттік «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және «AlanParking» ЖШС 100% үлесін Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қайтарғанын хабарлады.
Айта кетейік Мұрат Боранбаев – бірталай жыл қала ішіндегі көшелерде көлік тұрақтарына иелік еткен AlanParking-нің заңды тұлғасы "RR2" ЖШС бас директоры әрі Қайрат Боранбаевтың інісі.
Abai.kz