Жұма, 22 Қараша 2024
2557 0 пікір 1 Желтоқсан, 2022 сағат 14:57

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

«Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының Хиросимадан кейінгі ядролық соққы беруге дайын екендерін мәлімдеп, әлемді бір мезетте қорқытпақ болған агрессиялық риторикасы кенеттен басыла қалды», – делінген хабарламада.

Алдымен Қытай премьері Ли Кэцян, содан кейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ядролық соққыға жол беруге болмайтынын қатаң түрде мәлімдеген соң КСРО-ның мұрасы ретінде атом бомбасының арсеналын алып қалған Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путиннің де, оның қауіпсіздік кеңесіндегі орынбасары Дмитрий Медведевтің де үндері бірден өшті.

Бұған дейін Путин 21 қыркүйекте «ішінара мобилизация» жариялай отырып, Ресей армиясының Украина территориясында басып алған жерлерін сақтап қалу үшін «қолда бар құралдың бәрін» пайдалануға дайын екенін айтып, жарты әлемге алая бір қарап еді. Ол өз тараптарына қарай «бұрыла қарайтын» Батыс елдерінің барлығы «желдің ығында» қалатынын айтып, қорқытқан да болатын.

«Бұл сандырақ емес», – деп айбат шеккен еді сонда Путин.

Ал арада бір ай өткен соң Ресей президенті «Найзағай-2022» стратегиялық күштер жаттығуын жинап, ядролық соғыстың басталып кеткеніне өзінге ишара білдірген еді.

Медведев болса, 27 қыркүйекте Ресейдің «ядролық қару қолдануға құқы бар» екенін мәлімдеп, егер мұны «украин режиміне қарсы жасайтын болса», НАТО-ның «араласа алмайтынын» алға тартқан.

«Өйткені, Солтүстік альянс үшін Вашингтонның, Лондонның, Брюссельдің қауіпсіздігі анағұрлым маңызды», – деді сонда Медведев.

Медведев тағы Херсон берілгенге дейінгі тоғыз күн алдын осы тақырыпты өзінен-өзі қозғай салып, «Ресей территорияларын «тартып алу» доктринаның жауға соққы ретінде ядролық қаруды қолдану тармағына жүгінуге негіз болатынын атап өткен еді.

Бірақ Кремль шығыстағы қуатты көршісі – Қытай ядролық қоқан-лоқыға ашу-ыза білдіргеннен кейін тым-тырыс бола қалды.

Қытай премьері өзінің қаһарлы сөзін 10-13 қарашада АСЕАН саммитінде айтса, Си Цзиньпин G20 саммиті шеңберінде АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуі кезінде жеткізді.

Егер КСРО кезінде Мәскеу Бейжіңді өзінің «кедей бауыры» санаса, қазір әлемнен оқшау қалған және әбден әлсіреген Кремль ҚХР-дың «інісі» рөліне қарай сырғып кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273