Сенбі, 23 Қараша 2024
1810 7 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 12:58

Дәрігерлердің жалақысы 531 мың теңге болады

Елімізде 3 900 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Кадр мәселесі ерекше назарда. Республика бойынша кадр тапшылығы дәрігерлер арасында - 3 900 маман. Былтыр үш мыңнан астам жас түлек жұмысқа орналастыруға жіберілді, оның 630-ы – ауылды елді-мекендерде. Биыл 1 872 жас түлектің 441-і ауылдарға жіберілді. Келесі жылға 11 мыңнан астам маман дайындап жатырмыз. Қазір мамандар бар көп жерде әлеуметтік қолдау көрсетілмейді. Үй, көтеріңкі жәрдемақы мәселесін көтеріп жатырмыз. Әсіресе, ауылға баратын дәрігерді ынталандыру қажет», - деді министр.

Ол сонымен бірге 2022 жылы дәрігерлердің жалақысы орта есеппен – 30, орташа медицина персоналына 20 пайызға көтерілетінін жеткізді.

«Келесі жылы дәрігерлерге жалақыны орташа есеппен 531 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналына 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін және медицина қызметкерлерінің мәртебесін сақтандыру жүйесін енгізу үшін тиісті заң жобасы әзірленді. Ол Мәжіліске енгізіліп, деутаттардың қарауында», - деді Ажар Ғиният.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339