Жұма, 29 Наурыз 2024
1731 3 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 13:05

Ресей мұнайының құны 60 доллар

АҚШ пен Еуроодақ Ресей мұнайын барреліне 60 доллардан артық сатып алмайтындай баға шегін белгіледі. Вашингтон шешімі жөнінде АҚШ қаржы вице-министрі Уолли Адейемо хабарлады. Ал Еуроодақтың ұйғырымын Reuters агенттігі жазды.

«Ең жоғарғы баға уақыт өткен сайын өзгереді», деді еуропалық дипломат Reuters агенттігіне. Ол нарықтық бағадан бес пайызға кем болады.

Адейемоның сөзінше, Еуропа елдері Польша қарсылығына қарамастан Ресей мұнайына белгіленген бағаны мақұлдайды. Варшава 60 долларды тым қымбат деп санайды және келіссөз кезінде оны 30 доллар қылып бекітуді талап еткен. Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

АҚШ пен Еуроодақ Ресейдің танкермен жеткізетін мұнайын сатып алудан бас тартқан. Оны 60 доллардан қымбат бағаға өзге елдер де іс жүзінде сатып ала алмайды, себебі әлемдегі ірі сақтандыру компаниялары ондай танкерлерді сақтандырмайды.

Өткен аптада ресейлік Urals маркілі танкерлік мұнай барреліне шамамен 55 доллардан сатылған. Ресей шек белгіленген күннің өзінде де мұнайын сатуда шектеуге кезігіп отырған жоқ. Алайда идея авторларының ойынша, мұндай механизм шектеу бағасын жылдам түзеуге мүмкіндік береді.

Ресей мұнайына баға шегін белгілеу туралы идеяны бірнеше ай бұрын АҚШ қаржы министрі Жаннет Йеллен ұсынған. АҚШ, Еуроодақ және нарықтың өзге қатысушылары Ресейдің мұнайдан түскен кірісін қысқартуға күш салады, себебі бұл қаражат Ресейге Украинаға басып кіруіне мүмкіндік беріп отыр деп санайды. Идея авторлары сонымен бірге осы механизм арқылы әлемдік мұнай нарығында шикізаттың күрт өсуіне жол бергілері келмейді.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621