Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2495 3 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 14:01

Қазақтар Манжчурияға қалай тап болды немесе атақты Алла Ильчуннің шын аты кім?

1917-18 жж азамат соғысы кезінде ресейлік мұсылмандардың дені (діни, саяси қайраткерлердің) шетелге эмиграцияға кетті. Шетел архивінде олар "татар" немесе "түрік-татар" деген атпен көбірек сақталған. Дәл осы есім 20 ғ. басында этникалық анықтамадан көрі діни қауымдастық орнына қолданылды. Яғни ноғай, башқұрт, қазақ, құқық т.б халықтар ресей және одан бөлек шетжұрт аймақтарда "түрік-татар" деп хатталды.

Тарихи сурет. Орны: Манжчурия, Харбин. Уақыты: 1922.ж

Түсініктеме: Сурет құжаттарда "түрік-татар" деген атпен сақталған. Негізі қоныс тепкен орны Манжчурияның Харбиін қаласы. Саяси және түрлі жағдайларға байланысты түрік-татарлар Манжчурияға қоныс аударған. Сонда мектеп, медресе ашып журнал шығарған. Журналдың аты- Ирақ Шарқ (Қиыр шығыс).

Манжчурияға қоныс тепкен "түрік-татарлар" құрамында қазақтар да бар еді. 1917-18 жж азамат соғысы басталғанда ресейлік мұсылман олигархтар жан-жаққа жансауғалады. Татар және ноғай байларымен тығыз байланысы бар кейбір қазақтар Манжчурияға ат басын тіреген. Аймаққа жеткен қазақтар Харбин қ-сында тұрған. Кейбірі қытайдың ішкі аймақтарына қоныс аударып саудамен айналысты. Қазақ эмигранттарының Манжчурияға келуінде екі түрлі тарихи себеп бар еді. Бірінші, Владивостоктағы Жапонияның консулымен байланыс орнатуы; Екіншісі, Ресейдің саяси және әскери олигархтарының Манжчурияда біршама шоғырлы қоныстануы; Соған орай татардың кейбір байлары Харбинге жиналды. Татарлармен бірге аз санды қазақтар да келді.

Харбинде қазақтар Екінші Жаһан соғысы басталғанға дейін тұрған. Одан кейінгі тағдыры белгісіз. Кейбір деректер бойынша соғыс аяқтаған соң біразы Америка мен Еуропаға (Франция) көшіп кеткен. Тіпті кейбірі ішкі қытайдың Шанхай, Ханкоу сияқты шаһарларына дейін қоныс аударған.

Манжчурия қазақтары мен ШУАР қазақтары арасында байланыс болған ба?

Бірінші, Экономикалық фактор. 1917 жылға дейін ресейдегі мұсылман олигархтары (қазақтар да бар) Шәуешек, Құлжа және Үрімжіден бөлек ішкі қытайдың Харбин, Ханкоу, Шанхай қалаларында сауда бөлімшелерін ашты. Азамат соғысынан кейін кейбір мұсылман олигархтары ішкі қытайға және Манжчурияға уақытша қоныс аударды. 1920-22 жж. ШУАР мен совет одағы екі ел арасындағы халықаралық сауда келсімін қалпына келтірді. Осы кезде шекара аймақ Шәуешек, Құлжаның саудасы қайта жандана түсті, олар ішкі қытайдың тауарын ШУАР мен советке тасыды. Яғни соғыстан кейінгі советке қытай тауары ағылды. Сауданың жандануы ШУАР мұсылмандарын ішкі қытай базарына жақындата түсті. Манжчурияға қоныс аударған орыс және мұсылман эмигранттары да ішкі қытай базарына ойысты.

Екіншісі, Саяси фактор. Жапондар Манжчурияға қоныс аударған мұсылман эмиграциясын ашық қолдауға көшті. Харбинге біршама көп орналасқан түрік-татарлар босқындары кейін сыртқы күштердің ықпалымен қоғамдық һәм саяси істерге араласа бастады. Владивостокта орналасқан Жапонияның консулына хаттама тапсырған Р.Мәрсеков түрік-татар мұсылмандары арасында жоғары беделге ие тұлға еді. Мәрсеков сыртқы күштің ықпалымен саяси үгіт-нәсихаттарын әскери іс-қимылға айналдыру мақсатында Шәуешек пен Құлжада астыртын жұмыстар жасады. 1928 жылы Үрімжіде саяси төңкеріс болды. 1933 жылы Үрімжіде тағы әскери төңкеріс жасалынды. Екі бірдей саяси-әскери төңкеріске ақтардың қатысы бар еді. Манжчурияда орналасқан ақтар армиясын кейін Жапондар ашық қолдады. Он мыңнан асатын қарулы ақтар армиясы Моңғолия арқылы ШУАР аймағын басып алуды көздеді. Бірақ 1934 жылы совет одағының әуе қорғаныс күштік құрлымы Құмылға келді және база құрды. Сол жылдың күзінде Алматы-Құмыл әуе рейсі де іске қосылды. 1935 жылдан соң Манжчурия мен ШУАР арасындағы саяси, экономикалық байланыс кілт үзілді. 1937 жылдан бастап Харбин, Ханкоу және Шанхайда сауда жасап бизнес бөлімдерін ашқан шағын олигархтар жаппай репрессияға ұшырады.

Манжчурияда қоныстанған татарлар мен қазақтар да осы жылдары жан-жаққа жансауғалап қашты. Екінші Жаһан соғысы кезінде Харбин совет әскері мен қытай армиясы қарамағына өтті. Бір бөлім қазақтар татар олигархтарымен бірге Еуропаға кетті. Арасында Алда Елшін (Алла Ильчун) де бар еді. Әкесі Елшін Харбинде (Манжчурияда) қалған, оның одан кейінгі тағдыры әлі күнге белгісіз. 1989 жылы қайтыс болған Алда Елшін қытайдың Харбин қ-сында туған.

 

Елдес Орда

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329