Сенбі, 23 Қараша 2024
2348 2 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 14:24

Қымбатшылық қысып барады

Ұлттық статистика бюросы қараша айында азық-түлік қай өңірде ең қатты қымбаттағанын мәлім етті, деп жазады  Ulysmedia.kz.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары айлық инфляция қараша айында Ақмола облысында тіркелді – 2% (республикалық деңгей – 1,4%).

Азық-түлік тауарлары бір айда қатты қымбаттаған өңір – Ұлытау облысы – 2,4%, республикалық деңгейден төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында – 1%.

Қараша айында азық-түлікке жатпайтын тауарлар Ақмола облысында ең қатты қымбаттады – 2,4%. Ал ақылы қызметтер бойыншабағаның ең үлкен өсімі Маңғыстау облысында тіркелді – 2,1%.Бұл ретте ақылы қызметтер Қостанай облысы (0,3%) және Алматы қаласында (0,1%) арзандады.

Азық-түлік тауарларының ішінде нан-тоқаш өнімдері мен жармалар Шымкентте 2,2%, Жамбыл облысында 2,2%, ет және ет өнімдері Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5%, майлар Ұлытау облысында 3%, жеміс пен көкөніс Астанада 7,7% қымбаттады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338