Жұма, 11 Қыркүйек 2026
2434 1 пікір 6 Желтоқсан, 2022 сағат 14:12

Швецияда Қадыровты сынаған блогерді өлтіріп кетті

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынаған оппозициялық шешен блогері Тумсо Әбдірахмановты Швецияда өлтіріп кетті. Бұл туралы 1ADAT телеграм-арнасы "Еуропа мен Шешенстандағы дереккөздер" мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Швеция құқық қорғау органдары әзірге мәліметке қатысты ақпарат таратпады.

Телеграм-арна мәліметінше, Әбдірахмановты Швецияда 2 желтоқсанға қараған түні атып кеткен. "Оны өлтіріп кеткенін растайтын сенімді ақпарат алдық, ал оның бауыры Мұхаммадты арнайы қызмет жасырып қойды", - деп жазды оппозициялық телеграм-арна.

Тумсо Әбдірахманов пен оның бауыры, адам құқықтарын қорғаушы Мұхаммад Әбдірахманов байланысқа шықпай қалғаны 2 желтоқсанда мәлім болды. Сол кезде оларды өлтіріп кетуі мүмкін деген болжам айтылған.

Тумсоның телеграм-арнасындағы соңғы жазба 30 қарашада кешке жарияланған. 2020 жылғы ақпанда Тумсо Әбдірахмановқа Швециядағы пәтерінде шабуыл жасалды. Блогер шабуылдаушының қаруын тартып алып, полиция шақыртқан. Осы іске қатысты үкім 2021 жылғы қаңтарда шықты. Сотталушы - Ресей азаматы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1072
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2625
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 747
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 713