Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2485 0 пікір 12 Желтоқсан, 2022 сағат 13:18

Бішкек әлемдегі ауасы ең лас қала атанды

Әлемдегі ауасы лас қалалардың тізімін анықтайтын AirQuality интернет-сервисі 11 желтоқсанда жаңа зерттеуін жариялады.

Онда Бішкек бірінші болып тұр. Егер көрсеткіш 50 балға дейін болса, онда ауа таза, қалыпты дегенді білдіреді. Егер 300 балға жетсе, өте қауіпті көрсеткіш. Бішкекте ауа ластығы 288 балға жеткен.

Елдің экология министрлігі 2016 жылы Бішкек әлемдегі ауасы лас он қаланың ішіне кіретінін мәлімдеген. Былтыр үкімет ауаның ластануының себебін анықтайтын арнайы комиссия құрған.

Фин метеорологиялық институттың зерттеуі бойынша, Бішкектегі ауаның ластануының себебі тұрғын үйлерді көмірмен жылытуында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2663
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746