Бейсенбі, 1 Қазан 2026
2036 0 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 13:32

Мусиннің уәдесі: 3G кабельдері қашан жаңартылады?

Қазақстан 2027 жылға дейін ескірген 3G технологиясының мыс кабельдерін толықтай жаңартады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

Министрлік аталған жылға дейін елді 4G мобильді технологиясымен 100% қамтуға, оптикалық инфрақұрылыммен 90% қамтуға және Қазақстанның барлық автожолдарын интернетпен, мобильді байланыспен толық қамтуға уәде береді.

"Бүгінде ұялы байланыс жағдайына қарасақ, 3G технологиясы бойынша 3 мыңнан астам елді мекен, 4G технологиясы бойынша 1628 елді мекен қамтамасыз етілген, ал 5G елімізде жоқ.

Мыс кабелі арқылы өтетін байланыс 34%, ал оптика арқылы 26% құрайды. 3G мыс кабель технологиясының әлемде ескіргенін ескере отырып, оларды 2027 жылға дейін ауыстырамыз. Сондай - ақ 4G мобильді технологиясын 100% - ға, ал оптикалық инфрақұрылымды 90% - ға арттырамыз", - деп сендірді Мусин.

Бұдан басқа, министр бес жыл ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 5G технологиясының үлесін 75% – ға, ал облыс орталықтарында-60% - ға арттыруға уәде берді.

2027 жылға дейін 100% республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарды интернетпен және мобильді байланыспен қамту жоспарлануда.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 234
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 238
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 272