Сенбі, 3 Мамыр 2025
Билік 1883 2 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 13:43

Әшімбаев: "Әзірше сайлау мәселесі қаралмайды"

19 желтоқсанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтпек. Онда депутаттар Парламент жұмысының регламентін талқылау және қабылдау мәселесін қарайды, деп мәлімдеді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, отырыста сайлауға немесе басқа да мәселелерге қатысты мәселелер талқыланбайды. Жиынға мемлекет басшысы қатыспайды.

"Жалпыхалықтық референдумдағы Конституция реформасына сәйкес, Конституцияға Парламенттің қос палатасы – Мәжіліс пен Сенаттың өзара қарып-қатынасын реттейтін нормалар енгізіледі. Атап айтқанда, процес оңтайландырылады», - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, жақында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 19 желтоқсанда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын»,- деп жазылған өкім мәтінінде.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 553
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 636
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 591