Жұма, 16 Мамыр 2025
2207 3 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 14:06

Құлыбаевтың серіктесі қамауға алынды

Астанада Тоқаевты ұлықтау рәсімінен кейін митинг ұйымдастырған кәсіпкер Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

«Сот күдікті М.Әбиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 26 қараша күні кешке интернет бір сағат бойы істемей қалған еді. Дәл осы уақытта өздерін «Болашақ сәулетшілері» деп атаған Марат Әбиев бастаған бір топ белсенді ереуілге шыққан. Кейін полиция елордадағы митингке 300-ге жуық адам қатысып, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткенін хабарлаған болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2665
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4344