Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3381 0 пікір 1 Наурыз, 2013 сағат 12:06

Өміржан Әбдіхалықұлы. Сейдумановтың секірісі, Пауэллдің дәрісі және «отырып қалған» шенеуніктер

Бұл - осыдан екі күн бұрын болған жай - Сейдуманов мәжіліске кетті деген күні түнде Алматыда қылаулап қар жауды. Ертесінде күн шайдай ашылды. Алматының аспаны кеңіп сала берді. Серік кетісімен жадырап сала бергенін көріп, Есімов кетсе, бұл қалада мүлдем қыс болмайтын шығар деп ойладық.

Қарды қойшы, еріп таусылар, Секеңді айтсаңызшы, бағы жанып депутат атанды. Министрдің өзі мұражайдың директоры болып «құлап» жатқанда орынбасарлықтан мәжілістің төрінен бір-ақ шығу - әр шенеуніктің арманы. Мәжілісте -мемлекеттің үйінде тұрып, айына 600 мың теңге жалақы алып, парламенттің партасында жатып демалғанға не жетсін!

Сейдуманов 7 жыл қала әкімінің орынбасары болыпты. Жеті жылда не болмады!

2006 жылы шілденің 14-і күні «Шаңырақ» оқиғасы болды. Өз шаңырақтарын қорғамақ болған азаматтар сотталып кете барды.

Одан бері де талай жағдайлар болып жатты. Менің есімде Сейдуманов әртүрлі қоғамдық-саяси мәселелер мен жағдайларға конституциялық құқын пайдалана отырып, алаңға шыққан түрлі топтарды «залалсыздандыру» мақсатында соңынан полицейлерді шұбыртып алып жүретін кейпінде қалыпты.

Қала атауын «Алма-Ата» деп өзгертейік деп алашапқын болатын да осы кісі. Міне, ақыры, депутат болып тынды. Секеңде де арман жоқ шығар...

Жалпы, Серік Сейдуманов дейтін адамның мемлекеттік қызметте жүргеніне биыл - 21 жыл толыпты.

21 жыл демекші, Серік Алматыға қош айтып, Астанамен қауышып жатқан кезде Англияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің тұсында үкіметтің канцелярсын басқарған Жонатан Пауэлл Астанада бір топ шенеунікке дәріс оқып жатты.

Ағылшын үкіметінде істеген жылдардағы тәжірбиесімен бөліскен Пауэлл мемлекеттік қызметте ұзақ «отырып қалған» шенеуіктер туралы мынандай бір мысал айтыпты: «Біз 1997 жылы үкіметке келген кезде ауылшаруашылығы саласын басқаратын лауазымды шенеунікті елде етек алған сиыр ауруына байланысты орнынан кетуін сұрадық. Алайда ол кетпеді. Сол кезде бізге: «Оны орнынан кетіру үшін қызметін өсіріңдер» деген кеңес берілді. Біз оның қызметін өсіріп, ауылшаруашылық саласынан кетірдік. Ал, кейін мүлдем мемлекеттік қызметтен кетіру үшін 1 миллион фунт бердік».

Ал, Сейдуманов қала әкімінің орынбасары болып тұрған кездегі кейбір оқиғаларды жоғары да айттық. Бірақ, ол кезде Серіктің қызметі өспеп еді. Оған тіпті 1 миллион теңгені де ұсынғанын естімедік.

Пауэлл айтпақшы, Сейдумановтың да «мемлекеттік қызметте ұза-а-а-а-а-қ» «отырып қалғаны» анық енді - 21 жыл!

«Отырып қалған» тек Серік Тұрарұлы ғана емес. Қараңыз, Үкіметтің тұтас құрамы, Астана мен Алматы қалаларының қазіргі әкімдері - бәрі де тек ат ауыстырғандары болмаса, билікте жүргендеріне:

Кәрім Мәсімов - 13 жыл

Серік Ахметов - 15 жыл

Қайрат Мәми - 20 жыл

Нұртай Әбіқаев - 22 жыл

Нұрлан Нығматулин - 18 жыл

Мұхтар Құл-Мұхаммед - 14 жыл

Қалмұханбет Қасымов - 16 жыл

Бақытжан Жұмағұлов - 12 жыл

Салидат Қайырбекова - 12 жыл

Ерболат Досева - 15 жыл

Нұрлан Қаппаров - 14 жыл

Әділбек Жақсыбеков - 18 жыл

Ерлан Ыдырысов - 21 жыл

Асылжан Мамытбеков - 15 жыл

Берік Имашев - 21 жыл

Сауат Мыңбаев - 18 жыл

Владимир Божко - 22 жыл

Әсет Исекешев - 11 жыл

Асқар Жұмағалиев - 12 жыл

Серік Әбденов - 15 жыл

Болат Жәмішев - 16 жыл

Жанар Айтжанова - 10 жыл

Бақытжан Сағынтаев - 15 жыл

Иманғали Тасмағамбетов - 22 жыл

Есімов - 22 жыл

Сейдуманов -21 жыл

Қуандық Тұрғанқұлов - 23 жыл

Бір қызығы, тізімдегі шенеуніктердің бірлі-жарымы болмаса барлығы дерлік комсомол-коммунистер. Яғни, комсомол партия қызметінде жүріп «шыңдалған», компартияға адалдығын дәлелдеген жандар. Және бұлардың көбі Ресей астанасы Мәскеуде оқығандар. Тіпті, Владимир Божко КГБ-нің кәнігі қызметкері болып жүрген тұста Тәуелсіздік келіп, ол бірден ҰҚК-нің қызметкері болып шыға келген. Мұндай «ауытқулар» тізімдегілердің бәріне тән.

Сөйтіп, Сейдуманов Тұрғанқұловтың (биліктің беймәлім) шешімімен (өйткені, сайлау комиссиясы сайлаушылармен санасуы тиіс қой) депутат атанды. Құдай жарылқасын!

Серік және басқада тізімдегілердің барлығын галустуксіз көзге елестету қиын. Ал, мұндай адамдар туралы жұрттың түсінігін Бердібек Соқпақбаев «Жол үстінде» деген әңгімесінде баяғыда-а-а-а-қ айтып тастапты: «Мұндағы жұрттың ұғымында галстук тағу ол өкіметші болудың, комсомол болудың және бір нышан-белгісі тәрізді. Ескілік салт-санадан алшақтау, орыстану».

Р.S.

Шенеуніктерді ұйытып дәріс оқып жүрген Пауэллдің бұрынғы бастығы Тони Блэр 2011 жылы Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған. Айлығы - 1 миллион, жылына - 12 миллион доллар. Жақсы қызмет тапқан Тонидың не кеңес беріп жүргені бір Құдайға аян. Пауэллден кейін Блэрдің өзі келіп: «Ұзақ «отырып қалған» мемлекеттік қызметкерлерден арылу керек. Әуелі өзіңізден бастап көрсеңіз қайтеді а?», деп жүрсе не бетімізді айттық. «Құдай сақтасын!»...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276