Сенбі, 23 Қараша 2024
Бетбұрыс 3717 11 пікір 17 Желтоқсан, 2022 сағат 16:43

Пропагандалық Ресей арналары Қазақстаннан кетеді

Ресми Астана келесі жұмыс аптасында елімізде "НТВ", "Россия-1", "Первый канал", "РЕН ТВ" сынды төрт ресейлік телеарнаны хабар тарату лицензиясынан айыру бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар өткізбек.

Бұл туралы, DALA INSIDE сенімді дереккөзі хабарлады. Ол талқылауға Президент аппараты, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ақпарат министрлігі, цифрландыру ведомстваларының өкілдері жиналады.

Оған себеп - Еуроодақ тоғызыншы санкция аясында, аталған телеарналарды лицензиясынан айырып, олардың хабар таратуына тиым салды. Қазақстан бұл пропагандистік телеарналардың жұмысына шектеу қоймаса, де-юре Еуроодақ санкцияларын бұзды деп есептелмек.

Тек мемлекеттік емес, коммерциалық сектор да Ресей телевизиясын шектей алады. Оның алдында "Beeline Қазақстан" өз пакетінен ресейлік арналарды алып тастаған болатын. Бірақ сол кезде оған иелік ететін ресейлік "Вымпелком" компаниясы арқылы, Ресей билігі өз телеарналарын хабар тарату пакетіне күштеп қайтарған еді. Енді "Beeline Қазақстан" Ресейге бағынбайды, тікелей Нидерландылық акционердің қолына өтті. Сондықтан "Beeline Қазақстан" ресейлік арналар сигналын тоқтатса, оған ешкім ештеңе дей алмайды.

Ал мемлекет өз тарапынан OTAU TV, Қазақтелекомның ID Net желілері, сондай-ақ антенналық жүйеден ресейлік телевизияны бір күнде алып тастай алады.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475