Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2236 6 пікір 19 Желтоқсан, 2022 сағат 14:03

Тұңғыш Президент туралы заң қашан жойылады?

Конституциядан Тұңғыш Президент туралы нормалар алынғаннан кейін ол заң іс жүзінде күшін жойды. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден «Тұңғыш Президент туралы заң қашан күшін жояды?» деп сұраған еді.

«Заң Парламентке енгізілгеннен кейін қаралады. Оның қашан енгізілетінін айта алмаймын. Заң туралы бастама көтеретін үш субъекті бар: Президент немесе Үкімет не Парламент депутаттарының өздері. Қазір жұмыс жасап жатырмыз. Ол заңнан басқа да заңдар бар. Халықтың әл-ауқатын көтеру керек. Ең бірінші қаралатын мәселе сол ғой. Уақыты келгенде қабылдаймыз. Конституциядан Тұңғыш Президент туралы нормалар алынғаннан кейін ол заң іс жүзінде күшін жойды. Сондықтан оны формалды түрде күші жойылды деп қаулы қабылдау үшін заң дайындау керек», - деді ол.

Сонымен қатар Қанат Мусин Конституцияға енгізілген өзгерістер толық күшіне енгенін атап өтті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 796
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2120
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 535
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 512