Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Ел іші... 1678 1 пікір 20 Желтоқсан, 2022 сағат 12:35

Склярдың статистикасы - бос мақтанның сөзі ме?

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың «Казахстан собрал рекордный урожай» ақпараты жайлы екі ауыз сөз арнайық...

18 желтоқсанда ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың: «Казахстан собрал рекордный урожай», - деп аталған мақаласы жарияланды. Автор үстіміздегі жылы 23 млн дәнді және дәнді-дақылдар жиналғанын (өкінішке орай тонна немесе гектар екені көрсетілмепті), өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 27 пайызға жоғары, негізгі азықтық дақыл-бидайдың түсімділігі 30 пайызға артқанын жазыпты.

Жарияланған ресми деректерге жүгінсек, 27 қыркүйекте дәнді-дақылдардың 15,4 млн га егісі, немесе 96,2 пайызы орылып, 20,1 млн тонна астық жиналып, 1 гектарға шаққанда орташа түсімділік 13,0 центнер болыпты.

Бұл соншама мақтанатындай көрсеткіш емес. Дихандардың еңбегі еш кетіп, экспортқа шығаруға теміржол вагондары болмай, қырмандар мен далада жиналған өнімнің қаншасы шірігені жайлы жоғарғы мәртебелі шенеунік ақпарат бермепті. Үстіміздегі жылдың 8 айында дүниежүзінің 63 еліне экспортталған ауылшаруашылық өнімдерінің құны 3,3 млрд долларды құрапты, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 44 пайыз жоғары екен.

Скляр мырза!

Еліміз азық-түлік өндіруден осындай орасан зор табыстарға жетіп жатса, не себептен олардың құны 20-30%, тіптен, кейбір өнімдер 50 пайызға дейін көтеріліп, қарапайым халықтың жағдайы мүшкілдене түсті? Батыс Еуропада оның негізгі себебі - энергетикалық ресурстардың, жанар және жағармайдың, газдың қымбаттауы болып отыр, оларды біз өзіміз шығарамыз.

Премьер-министрдің орынбасары Үкімет аграрлық ғылым саласын да жарылқап жатқанын, оған соңғы жылдары 8-9 млрд қаражы бөлініп отырғанына тоқталыпты. Әлеуметтік желіде жақында жарияланған Жұмабай Ділмасовтың деректеріне қарағанда, 2021-2022 жж. ғылым мен конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға 109,3 млрд ұлттық валюта бөлінген екен, демек жалпы ішкі өнімнің 0,13 пайызына тең. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 3-4% жетеді, Ресей мен Түркияда 1 пайызға жуық. Ғылыми қызметкерлердің орташа жалақысы еліміз бойыншағы көрсеткіштен 25 пайызға төмен. Осының салдарынан 2021 жылы ғылыми қызметкерлердің саны 16 пайызға төмендеген, олардың көпшілігі жастар екені түсінікті.

Мұрат Қойшыбаев

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1683