Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2862 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 11:27

Екi отбасының дау-дамайы Женева прокуратурасына жүк болды

Женевада Динара және Тимур Құлыбаевтарға қарсы қылмыстық iс қозғалуы мүмкiн. Швейцария прокуратурасы Назарбаев отбасының мүшелерiне қатысты тексерудi бастады. Neue Zurcher Zeitung басылымының жазуынша, бұған Құлыбаевтардың қатысы бар коммерциялық дау-дамай себеп болған. Прокурорлық тексерiс Лейла Храпунованың арыз-шағымынан кейiн басталған.

Neue Zurcher Zeitung Құлыбаевтар мен Храпуновтардың "коммерциялық дауы" Қазақстанда бастау алып, Швейцарияда жалғасқанын нақ­тылайды. Былайша айтқанда, "бұл дау - екi қазақ отбасының арасындағы текетiрес". Әңгiме VILED компаниясы туралы болып отыр. Зергерлiк бұйымдар, сағат пен сәндi киiмдер сатумен айналысатын атышулы компания 2003 жылға дейiн Лейла Храпунованың меншiгiнде болған-ды. Бiрақ оның сөзiнше, сол жылы Құлыбаевтар Viled компаниясын өздерiне сатуға мәжбүрлеген. "Бұл коммер­ция­лық дауда алаяқтық пен мәжбүр­леу фактiлерi орын алған болуы мүм­кiн" дейдi прокурор Марк Тапполет.

Храпунованың арыз-шағымын қабылдаған Тапполет әзiрге қылмыс­тық iс қозғаған жоқ. "Бiрақ шағымданушыдан жауап алғанына қарағанда, Тапполет арызды қарауға шындап кiрiскен сыңайлы", - деп жазады Neue Zurcher Zeitung.

Құлыбаевтарға қарсы арыз-шағым жазғанын Лейла Храпунованың өзi де растады. Viled компаниясының негiзiн салған - Лейла Храпунова Динара Құлыбаева бұл компанияға әу бастан-ақ көз сүзгенiн айтады. 1999 жылы Алматыда ашылған Viled швейцариялық компаниясына 8 мульти­брендiк салон мен 5 монобрендi бутиктер кiрген. Олардың арасында Cartier, Van Cleef & Arpels, H.Stern, Carrera y Carrera и Buben & Zorweg сияқты әлемге кеңiнен танымал бренд­тер бар. "Мұндай бутиктердiң клиенттерi ауқатты адамдар болатын. Ең басты клиенттер - Құлы­баевтар едi. Динара мен Тимурға бұл бизнес қатты ұнайтын. Олар танымал ресейлiк компанияны шақыртып, маған бәсекелес болмақшы болды. Ресейлiк компанияға менi Қазақстанның бұл нарығынан ығыстырып шығаруға тапсырма берiлдi. Бiрақ iрi бизнеске иелiк ететiн бұл кәсiби адамдар мұны бұрыс деп есептедi немесе бұған қызығушылық танытпады. Әйтеуiр олар Viled-тегi бағалар дұрыс қойылған, халықаралық стандарттарға сай, тiптi қазақстандық сатып алушыға ыңғайланған деген қорытындыға келдi. Ал егер өздерi бұл нарыққа шықса, бағалары бұдан әлденеше жоғары болатынын ес­керттi. Сөйтiп, Құлыбаевтардың жоспары сол кез­де iске аспай қалды. Алайда олардың Viled-ке қа­тысты ұзақмер­зiмдi жоспары бар екенiне кейiн­нен көз жеткiздiк", - дейдi Л.Храпунова.

Онсыз да Қазақстанның телегей жерасты мұнайы мен iрi банкiне иелiк ететiн Құлыбаевтарға Viled-тiң қажетi қан­ша? Оның да өзiн­дiк себебi бар екен. Храпунованың айтуынша, Viled швейцариялық компаниясы Динара Құлыбаеваға Швейцарияға жол ашқан сәттi мүмкiндiк болыпты.

"БАҚ пен өз айналамыздан естiп бiлгенiмiздей, Динара қазiр Швейцарияда тұрып жатыр. Шалқып-шылқып, бақуатты тұрмыс кешуде. Ара-тұра концерттерге барып тұрады. Швейцариядағы ең бай адамдардың тiзiмiне енген оның бұған мүмкiндiгi жетедi. Мұнысын ол Viled компаниясы арқылы заңдастырды".

Лейланың айтуынша, Динара өзiнiң Швейцариядағы жүрiп-тұруын заңдас­тырудың оңай жолын тапқан. Қағаз жүзiнде Viled-ке Динарамен сыбайлас өзге адамдар иелiк етедi. Сөйтiп, Viled Қазақстандағы еншiлес компаниялары арқылы Динараны менеджер ретiнде жұмысқа қабылдап, келiсiм­шарт жасасады. "Мiне, Динара Швейцарияда орналасқан бас компанияда менеджер ретiнде тiркеледi. Бұл - арам ақшаны айналымға енгiзiп, заңдастырудың жолы. Мұны швейцариялық басылымдар да жазды. Ол 100 мыңнан астам франк жалақы алады. Сөйтiп, ол көзбояу үшiн жалған еңбек етедi. Бес жыл өткен соң ол Швейцарияның тұрғылықты тұрғынына айналып, онда тұрақты түрде өмiр сүру құқығына қол жеткiзедi. Кейiннен төлқұжат алу құқығы берiледi".

Храпунованың сөзiнше, бұл ретте Динара бiр оқпен екi қоян атып алмақ. Бiрiншiден, Швейцария азаматтығына қол жет­кiзедi. Екiншiден, арам жолмен табылған ақшаны заңдастырады. Швейцария заңы бойынша, шетел азаматы бұл елден жылжымайтын мүлiк сатып ала алмайды. "Динара жылжымайтын мүлiктi Viled компаниясында жұмыс iстейтiнiн растайтын құжаттары арқылы ғана сатып ала алды", - дейдi Л.Храпу­нова.

Ендi Құлыбаева Швейцарияда заңды түрде тұрып жатқандықтан, Л.Храпнуноваға оның үстiнен шағым жазуға мүмкiндiк туыпты. Храпунова отбасынан жәбiр көрген өзге азаматтарға да өзiнен үлгi алып, сотқа жүгiнуге шақырады. Айта кете­тiнi, бұл Тимур Құлыбаев шатыл­ған алғашқы iс емес. 2010 жылы Швейцарияның федералды прокуратурасы ортаншы күйеубалаға қатысты тергеу жүргiзе бастаған.

Л.Храпунованың Д.Құлыбаеваны "Швейцарияның ең бай адамдар тiзiмiне енген" деп жазғыруының астарында не жатыр? Храпуновтардың өздерi де сол елдiң бай азаматтарының тiзiмiнде. Құлыбаевтармен са­лыс­тырғанда Храпуновтар жарлылау шығар, бiрақ Женевада қоңыз терiп кеттi деуге әсте келмейдi. 300 миллион доллармен Альпi асқан Храпуновтардың Швейцарияда 19 жылжымайтын мүлкi бар. Елiмiзде Храпуновтардың үстiнен 20 шақты қылмыстық iс қозғалған. Сондықтан Лейланың Динараның үстiнен арыз түсiруiнiң артында "Отбасы бiзге қарсы күрес ашса, бiз де қарап қалмаймыз" деген пиғылы жатса керек.

Айтпақшы, "Уральская неделя" басылымының тiлшiсiне берген сұхбатында Виктор Храпунов "Қазақстанға қайтып ораламын" дептi. Қайтып оралғанда да, үлкен саясатқа қайта араласып, премьер-министр болсам деген дәмесiн жасырмайды. Айтуынша, оған бiрнеше рет жолыққан Қазақстанның мем­лекеттiк хатшысы оны елге қайтып оралуға үгiттептi. "Бұл ұсынысқа былай деп жауап бердiм: "Қазақстанға қайтып оралудан қорықпаймын. Бiрақ бiр шартым бар. Менi премьер-министр етiп тағайындасын. Бiрақ әлi Қазақстанға оралмай тұрып тағайындасын. Бұл ресми түрде хабарланған соң ғана елге қайтып келемiн. Бұдан кейiн премьер-министрдiң қолына әуежайда кiсен салу оңайға соқпасы анық", - дейдi ол бетi бүлк етпестен. Түйенi түгiмен жұтқан Храпуновтар айла асыру жөнiнен әзiрге отбасынан еш кем түсiп жатқан жоқ.

З.ЖЫЛҚЫБЕК.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341