Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2257 1 пікір 22 Желтоқсан, 2022 сағат 13:09

АҚШ Украинаға 1,85 млрд доллар әскери көмек бөлді

Украинаға берілетін 1,85 млрд доллар қосымша әскери көмек ішінде Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚ) және JDAM "ақылды" әуе бомбалары бар. Бұл туралы 21 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-ға ресми сапармен барды. Бұл оның Ресей шабуыл жасағаннан бергі шетелге шыққан алғашқы ресми сапары. Бұдан бөлек қосымша көмек жайлы мәліметтер Ақ үйде кездесу қорытындысында жарияланбақ.

Блинкеннің сөзінше, Киевке берілетін әскери көмек екі бөліктен тұрады. Жалпы АҚШ Украинаға бұған дейін 21,9 млрд доллар әскери көмек көрсеткен.

Бұл жолы Киев Joint Direct Attack Munition (JDAM) техникасын бірінші рет алғалы жатыр. Бұл "ақылды" құрылғы қарсыласының әскери нысанын жоғары дәлдікпен жойып жібере алады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669