ТМД басшылары бейресми форматта бас қосады
Кеңсесі Минскіде орналасқан ТМД атқарушы комитетінің басшысы Сергей Лебедев 26-27 желтоқсанда ресми емес кездесу өтетінін хабарлады.
"Келесі аптада Санкт-Петербургта ТМД елдері басшыларының ресми емес бас қосуы өтеді. Бұл кездесу біздің ынтымақтастығымызға қосымша импульс береді деп үміттенеміз", - деді Лебедев.
Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Армения және Беларусь басшылары форумға қатысатынын жеткізген.
Әдетте жыл сайын Жаңа жыл алдында ТМД басшылары ресми емес кездесуде бас қосады. ТМД Совет одағы құлағаннан кейін пайда болған ұйым. Ұйымға Совет одағы құрамында болған бірқатар мемлекеттер кіреді.
Abai.kz