Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3720 0 пікір 5 Наурыз, 2013 сағат 04:22

Шәріпхан ҚАЙСАР. Академиктер ауылы шенділермен толықты

Быйылғы 28 ақпан күні ешкім байқамаған, алайда ғылым өмірінде айтарлықтай оқиға болды: қоғамдық ұйым түрінде тірлік етіп жатқан Ұлттық Ғылым академиясының қатарына мүше-корреспонденттер сайланды.

Кеңес өкіметі кезінде ғалымдарды түрмеге тықса да ғылыми жаңалықты сығып алатын, ал кәзір жағдай басқаша - ғылыми жаңалық емес, бұл ауылда «академик» атағын сығып алатын шенділердің диктатурасы орнады. Ол жөнінде сәл кейінірек.

ҚР ҰҒА үш рет өз мәр­тебесін ауыстыруына, 1996 жылы Ғылым министрлігі - Ғылым акаде­миясы, 1999 жылы мемлекеттік мекеме және 2003 жылы Республикалық қо­ғам­дық бірлестік болып құрылуына тура келіп, бұл «ауылда» ұзаққа созылған үнсіздік орнаған еді. Соңғы жылдары ғылымға бұрылған ақша ағыны қоғамдық ұйым болса да, академик болуға ынталылар санын молайтты.

ҚР ҰҒА академигі атағы - Қазақстандағы ең жоғары ғылыми атақ. Әрине, одан жоғары атақ - жүз жылда бір рет берілетін «Ғасыр ғұламасы» атағы. Бұл атақ Нұрсұлтан Назарбаевқа бе­рілгені мәлім.
Былтыр «тәуелсіз» академия қатарына араға 17 жыл салып академиктер сайлауы өтті. 20 жыл бойы академиктер қатары сиреп қоймай, көзі тірісінің алды  90-ға арты 70-ке таяған соң, былтыр ерекше сайлау болғаны бар. ҰҒА-да 154 академик болса, солардың орта жасы 80 жасты құраған еді.

2012 жылы өткен сайлау екі кезеңмен өтті: біріншісі, 50 жасқа дейінгі  мүше-корреспонденттер сайлауы болды, екін­шісі күзде өтетін сайлауда академиктер мен мүше-корреспон­денттердің жасына шектеу қойылмады. Бірақ бұл сайлауға PhD философия докторлары қатыса алмады. Сондай-ақ докторлық қорғамай-ақ профессор атағын алған ғылым кандидаттары да сайлауға жіберілмеді. Бұл да дұрыс шығар, ғылымның қадыры түскен заманда, оған аз да болса абырой әперу керек болған секілді. Алайда, Ұлттық академиядан басқа елімізде 20-ға жуық қоғамдық академия бар екен. Осы қоғамдық академик­терден де аяқ алып жүру қыйын. Бұл жағынан Өзбекстан секілді елдерде қатаң талап бар: атақты жария етуге тек қана ұлттық академиктер ғана құқылы, әлгі қоғамдық академиктер өзін олай атауға қақысы жоқ көрінеді.

Былтыр сайлауға қатысқан 50-ге толмаған академиктердің бірі болып, казақ ғылымында өзіндік орынға ие Медеу Әбішев, Бейбіт Күлпешов, Дихан Қамзабекұлы, Кәрімбек Құрманәлиев, Бауыржан Жақып, Бақытжан Әбдірайым сынды жас ғалымдар «ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі» деген ғылыми атаққа ие болды.

Быйылғы сайлауда әдебиеттану пәні бойынша 2 орынға таласқан 7 үміткердің ішінен  ұзақ жылдар депутат болған, қазіргі Әдебиеттану  бойынша ҒЗИ директоры   Қалижанов Уәлихан сайланды. Социология пәні бойынша Сейдуманов Серік Тұрарұлы жуырда ғана Мәжіліс мандатын алып үлгеріп еді, енді академик дипломына да ие бола қалды. Бір өкініштісі 30-40 жыл бойы ұстаз болып, ғылыммен бас қатырып жүрген Серік Негимов секілді ғылымға адал жандар бұл жолы да қағыс қалды. Б

ҰҒАның сайтына (http://www.akademiyanauk.kz/kk/news/102) кіріп көріп, аңырып қалғанымыз және бар, бір де бір қазақша ақпарат болмай шықты,тіпті ҰҒА президентін туған күнімен құтықтау да Ресейдің мемтілінде сайрап тұр!

Мынау сол сайттың ең соңғы жаңалығы:

РОО "Национальная академия наук РК" информирует о том, что электронный адрес nanrk.mzh@gmail.com удален. Просьба не высылать письма на данную электронную почту. Все письма можете высылать на существующий электронный адрес nanrk.mzh@mail.ru

23.01.2013

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347