Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2179 1 пікір 22 Желтоқсан, 2022 сағат 13:31

Біртановтың апелляциялық соты өтеді

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау процесі 27 желтоқсанға қалдырылды. Бұл туралы Астана қалалық апелляция соты хабарлады.

«Үшінші судьяның ауруханада болуына байланысты бүгін сот құрамы толық емес. Тиісінше, қазір істі қарауды бастай алмаймыз. Сондықтан оны 27 желтоқсан сағат 15:00-ден бастап жұмыс күнінің соңына дейін қараймыз. Жалғасы 28 желтоқсан сағат 10:00-15:00 аралығында болады», - деді судья Айбек Әмірғалиев.

Ал бұған қатысты пікір білдірген Елжан Біртановтың өзі шағымды қарау уақыты өзгеретінін күтпегенін айтты.

«Әрине, біз апелляциялық шағымды қарау уақыты өзгереді деп ойлаған жоқпыз. Шынымды айтсам, мен өзімді сотталған адам деп санамаймын. Үкім айыптау актісінен көшіріп жазылған. Бір жыл ішінде айтылған дәлелдерді судья Әлкенов мүлдем елемеді. Сондықтан үкімді күтіп, оған дайындалу үшін біраз уақыт қажет болды. Біздің ойымызша, үкімде фактілер біржақты бұрмаланған. Әр адвокаттың өз көзқарасын айтуға құқығы бар. Апелляциялық сот тыңдайды деп үміттенеміз«, - деді Елжан Біртанов.

Айта кетейік, 28 қазанда Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот үкімі шыққан еді.

Кейін ол бұл шешіммен келіспейтінін айтып, шағым түсіретінін мәлімдеген болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2606
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701