Сенбі, 23 Қараша 2024
1989 6 пікір 23 Желтоқсан, 2022 сағат 14:18

Жергілікті жолдары ең нашар аймақтар белгілі болды

Жылдың алдын ала қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың жағдайы ең жақсы аймақтар:  Маңғыстау (95%), Жамбыл (95%), Алматы (91%) облыстары. Ең нашар өңірлер Батыс Қазақстан (39%), Ақтөбе (66%) және Атырау (70%) облыстары. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті хабарлады. 

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы жол жұмыстарының барлық түрлерімен 4,6 мың шақырым жергілікті жол қамтылды, оның 2,6 мың шақырымы аяқталды. Оған 372 млрд теңге бөлінген.

Жергілікті жолдар желісін дамыту шеңберінде елімізде 486 жоба іске асырылуда: күрделі және орташа жөндеу бойынша – 391, құрылыс және реконструкциялау бойынша – 95 жоба бар. Жыл соңына дейін 164 жөндеу жобасын, автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау бойынша алты жобаны аяқтау жоспарланған.

"Солтүстік Қазақстан облысында 160-168 км болатын "Лавровка-Чкалово" автомобиль жолын жаңарту, Қызылорда облысында "Әйтеке би-Басықара" аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірді жаңарту, Шымкент қаласында Шығыс айналма жолының бірінші кезегін салу аяқталуда",-деп атап өтті комитет.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан БАКАД жобасына кіретін алты радиалды жолдың бірі – Алматы қаласындағы Абай даңғылының жалғасын абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша еліміздегі жергілікті жолдар желісінің нормативтік жағдайы жыл соңына дейін 85%-ға жеткізіледі деп көзделіп отыр.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371