Сенбі, 23 Қараша 2024
Желтоқсан жаңғырығы 3071 3 пікір 24 Желтоқсан, 2022 сағат 14:48

«Желтоқсан-1986»: 35 жыл өткен соң...

Алғашқы фото Қайрат Рысқұлбековке ату жазасы, Түгелбай Ташеновке 15 жыл, Жамбыл Тайжұмаевқа 15 жыл, Қайыргелді Күзембаевқа 14 жыл жаза тағайындалғаны туралы үкім оқылып жатқан кезде сот залында 1987 жылы түсірілген.

Фото авторы - еврей ұлтының өкілі Юрий Беккер. Осы фотоны түсіріп газетке жариялауға ықпал еткені үшін жұмыстан қуылған.

Биыл желтоқсан айында Ю.Беккермен кездесудің сәті түсті. Бұлардың төртеуі де қайтыс боп кеткен деп ойлап жүріпті. Мен: «Жоқ үшеуі тірі», десем, көзі шарасынан шығып кетті. «Мені кездестір, қайтадан фотоға түсіреміз», - деді.

Мен жігіттерге шығып, мән-жайды айттым. Олар ешқандай фотоға түскісі келмеді. Көндіру үшін біраз тер төгуге тура келді.

Ақыры келісіміндерін беріп, алаңдағы «Желтоқсан-1986» ескерткіші жанында кездестік.

Марқұм Қайраттың портретімен бірге атақты төртеуді 35 жыл өткен соң «Желтоқсан-1986» ескерткіші жанында Юрий Беккер 2022 жылы тағы да фотоға түсірді.

1987-2022. 35 жыл өткен соң...

Ескі фотода, жаңа фотода да солдан оңға қарай тұрғандар:

1. Ташенов Түгелбай.

2. Тайжұмаев Жамбыл.

3. Рысқұлбеков Қайрат. (жаңа фотода Қайраттың портреті тұр)

4. Күзембаев Қайыргелді.

Фотоларды пайдаланғанда аты-жөндерін шатастырып алмаңыздар. Фотоларды Юрий Беккер түсірген деп міндетті түрде сілтеме жасаңыздар.

Алла жар болсын!

Нұрлыбек Қуаңбаев

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371