Жұма, 22 Қараша 2024
1736 16 пікір 26 Желтоқсан, 2022 сағат 13:57

Министр: "Коммуналдық тариф көтеріледі, басқа амал жоқ"

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылы коммуналдық тарифтер өсетінін айтты.

«Келесі жылда, яғни екінші жартыжылдықтан бастап тиісті өзгерістер болады. Себебі субъектілерге, содан кейін мемлекеттік меншікте болатын субъектілерге өз жұмысын жаңғыртып, желілерді жаңарту керек. Президент сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Осы орайда жүргізілген есептеулар аясында желілердің тозу көрсеткішін 15-20 пайызға төмендетеміз. Тариф көтеріледі, басқа жол жоқ. Ең күрделі нысандарды қараймыз. Олар жан-жақты зерттеледі. Оған байланысты тиісті тарифті көтеру мәселесі қаралады», - деді Ә. Қуантыров.

Оның сөзіне қарағанда, аталған зерттеулер аясында тарифтердің көлемі нақтыланады.

«Мысалы, Екібастұзда субъекті тарифті 2,5 есе көтеруге ұсыныс берді. Әрине, осындай деңгейде көтеру мүмкін емес. Сондықтан оны әлі де талқылаймыз», - деді ведомство басшысы.

Бұл тұрғыда министр тариф көтеру аясында тұрғындардың жағдайы назарға алынатынын, халыққа елеулі ауыртпалық түсірмеу мәселесі егжей-тегжейлі қаралатынын айтты.

Айта кетейік, бүгін Сенатта қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Әлібек Қуантыров бұл норма қабылданса, кәсіпорындар тарифті өз еркіне қарай көтере алмайтынын түсіндірді.

«Бұл ретте тиісті шектеулер болады. Әр субъект пен өңір бойынша тарифтерді көтеру туралы ұсыныстарын егжей-тегжейлі қараймыз. Атап айтқанда, біздің ведомствода, одан кейін қоғам талқылауында болады», - деді министр.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329