Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1839 0 пікір 27 Желтоқсан, 2022 сағат 14:42

Украина: Ресейді БҰҰ-дан шығару керек!

Киев БҰҰ-ға мүше елдерді Ресейдің бұл ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелігінен шығару мәселесін қарауға шақырды. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде айтылады. 

Онда халықаралық құқық жағынан алғанда, Ресей қолданып келе жатқан "БҰҰ-ға мүше мемлекет" мәртебесі жөніндегі мәселе 1991 жылдың желтоқсанында СССР тарағаннан бері жөнге салынбай келеді.

"Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі деген мәртебені Ұлттар Ұйымының белгіленген жарғысынан айланып өтіп алған. Өлке бұл мәртебені президент Борис Ельциннің БҰҰ-ның бас хатшысына жөнелткен жәй хаты негізінде ие болып қалған. БҰҰ жарғысында, оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері бар бапта Ресей аталмаған", - деп жазылған украин СІМ мәлімдемесінде.

Сонымен бірге мәлімдемеде БҰҰ жарғысына сәйкес, ұйымға бейбітшілікті жақтаған елдер ғана қатыса алатыны айтылып, Ресейдің Украинаға агрессиялық соғыс жүргізіп жатқаны жазылған.

Әзірге Ресей және БҰҰ-ғ мүше елдер Украинаның мәлімдемесіне пікір білдірмеді. Осыған дейін Батыс елдерінің оның ішінде АҚШ өкілдері Ресейді Қауіпсіздік кеңесінен шығарудың заңдық механизмдері жоқ екенін бірнеше рет білдірген.

БҰҰ-ға Украина мен Беларусь СССР құрамындағы УССР және БССР республикалары ретінде кірген. Ресейден басқа бұрынғы советтік республикалар БҰҰ-ның құрамына оның жарғысында қаралған ережелер бойынша қабылданған.

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) қолдауымен СССР-дің БҰҰ-дағы, оның ішінде Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін Ресей Федерациясы жалғастырады. Осыған байланысты БҰҰ-дағы СССР деген атауды Ресей Федерациясы деп өзгертуіңізді өтінемін", - деп жазылған Ельциннің 1991 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның бас хатшысына жолдаған хатында. БҰҰ-да бұл ұсынысқа ешқандай қарсылық болған емес. Сонымен бірге Ресейді ұйымға қабылдауда формалды дауысқа да салынған емес.

БҰҰ жарғысына сәйкес, "Жарғы міндеттерін бұзған ел Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен ұйымның Бас ассамблеясынан шығарылуы мүмкін". Бірақ іс жүзінде мұндай себеппен бірде бір ел БҰҰ-дан шығарылған емес.

СССР Финляндияға басып кіргені үшін 1939 жылы Ұлттар лигасының құрамынан шығарылған. Бірақ ол ұйымның ережелері басқа болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006