Дүйсенбі, 26 Мамыр 2025
1869 0 пікір 27 Желтоқсан, 2022 сағат 15:12

14 мың шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

Бұл хабарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. 

«Рұқсат алған шетел азаматтар біздің қадағалауымызда, олар елдегі қазақстандық немесе шетелдік компанияларда жұмыс істейді. Биыл 14 мың шетелдік маманға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар жұмыс істейді және міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Ресей азаматтарына да қатысты ақпарат ұсынылды – олардың саны 22 мыңнан сәл асады, олар да міндетті зейнетақы жарнасын төлейді», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің хабарлауынша, биыл Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2892
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4628