Қазақстан Ресейді айналып өтетін көлік дәлізі келісіміне қол қойды

Қазақстан билігі Еуропалық Одақ пен "Еуропа-Кавказ – Азия" (ТРАСЕКА) көлік дәлізін ұйымдастыру жөніндегі әріптес елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламасына бірыңғай транзиттік рұқсат беру туралы келісімнің жобасын мақұлдауға дайын.
"ТРАСЕКА бірыңғай транзиттік келісім жобасы мақұлдансын", - делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Қазақстаннан басқа құжатқа Әзірбайжан, Армения, Болгария, Грузия, Иран, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Украина қол қойды.
Abai.kz