Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4187 5 пікір 28 Желтоқсан, 2022 сағат 12:35

Қазақстан шекарасы. Ресей не дейді?                                                                                            

Таяуда ғана баспасөз беттерінде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара белгілерін демаркациялау, заңдастыру жұмыстары туралы тағы да сөз болды. Даулы мәселелер бойынша мемлекетаралық отырыстар келесі жылдары тағы да жалғаспақ екен. Осыған байланысты комиссия мүшелеріне бір пайдасы тиер деген ниетпен Мәскеудегі Ресей Федерациясы Мемлекеттік архивінен (ГАРФ) табылған мұрағаттық деректерді көпшілік назарына ұсынып отырмын.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары кеңестік үлгідегі қазақ автономиялық респуликасының  территориялық көлемін нақтылау және межелеу шаралары қызу тартыс таласқа толы болғандығы белгілі. Сол жылдары Кеңес өкіметі белгілеген қазақ автономиялық республикасының жер көлемі 3 миллион 467 мың 922 шаршы шақырым деп есепке алынып бекітілген  екен. Бұл сол жылдардағы мұрағаттық деректермен де сәйкес келеді. Нақты дәлелдердің бірі ретінде 1928 жылғы 20 марттағы  Алматы қаласында университет ашуға байланысты (қазіргі Абай атандағы ҰПУ) тіркелген мынадай мәліметтерді көпшілік назарына ұсынбақпыз.      

       Об открытии в гор. Алма-Ата Казакской АССР государственного университета.         

(мұрағаттық құжаттар хронологиялық реттілік бойынша ұсынылып отыр)

20 марта 1928 г. 0131/123

При ответе ссылаться обязательно на даный №

(штамп)

СОВЕТ НАРОДН. КОМИСС.

Р.С.Ф.С.Р.

ПОЛУЧЕНО       22 март 1928 г.

________________

В СОВНАРКОМ   РСФСР

копия – ГОСПЛАН  РСФСР

”     – НКРКИ  РСФСР

На  В/№ ________________ Н/вх. № ___________

 

КазАССР – одна из старейших республик РСФСР; образована в 4/Х-1920 года. Нынешняя территория КазАССР установилась после размежевания Средней Азии по национальному признаку.

Размер территории Республики равен 3.039.000 кв. километров. Общее количество населения равно – 6.570.000 человек, из коих на долю городского населения приходится 540.000 /8,2%/, на долю сельского – 6.029.000 /91,8%/. По национальному составу население распределяется так: казаки – 55%, русские – 25%, украинцы, татары и др. – 20%.

Ф. А-259. Оп. 12 б. Д. 3955. Л. 27.

Осы бір 1928 жылғы деректі де құнды құжатқа салыстырмалы түрде қазіргі Қазақстан аумағы 2 724,902 шаршы шақырымға  тең болып біршама азайғандығына не себеп болғанын қарастырып көрейік. Оның астарлы себебіне Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Мемлекеттік архивінен  (ГАРФ)  алынған  мына төмендегі мұрағаттық құжаттарға зер  сала отырып біршама көз жеткізуге болады.

 

У К А З.

      ПРЕЗИДИУМА ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СССР.

№ 123/3.

Дело 182/5-1.

 

О передаче южной части Урдинского района Западно-Казакстанской области Казакской ССР в составе Астраханской области РСФСР.

Утвердить представление Президиума Верховного Совета Казахской ССР и Президиума Верховного Совета РСФСР о передаче южной части Урдинского района площадью  180-200 квадратных километров из Западно-Казакстанской ССР в состав Владимир(ов)ского района Астраханской области РСФСР.

Председатель Президиума

Верховного Совета СССР-         Н. ШВЕРНИК.

 

Секретарь Президиума

Верховного Совета СССР-         (А. Горькин)

 

Москва, Кремль

4 ноября 1947 г.

д.№ 194/5-1

В дело

Верно: Валяева 4. XI 1947 г.

       Ф.  7523.  Оп. 40.  Д. 190.  Л. 1.

------------------------------------------------------------------------------

 

Т Е Л Е Г Р А М М А     ПРАВИТЕЛЬСТВЕННАЯ

 

4        1/72                       ПРАВИТЕЛЬСТВЕННАЯ   МОСКВА                                 ПРЕЗИДИУМ ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СССР ТОВАРИЩУ ГОРКИНУ-

 

АСТРАХАНИ 06/6 141 4 1036-ИСПРАВ ПОСЛЕДУЕТ (два символа не отчетливо)

В СООТВЕТСТВИИ УКАЗОМ ПРЕЗИДИУМА ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СССР ОТ 4 НОЯБРЯ 1947 ГОДА О ПЕРЕДАЧЕ ЗЕМЕЛЬНОГО УЧАСТКА 180 ТИРЕ 200 КВАДРАТНЫХ КИЛОМЕТРОВ ИЗ УРДИНСКОГО РАЙОНА ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНКОЙ ОБЛАСТИ КАЗАХСКОЙ ССР В СОСТАВ АСТРАХАНСКОЙ РСФСР НАМИ ДВА РАЗА СТАВИЛСЯ ВОПРОС ПЕРЕД РАЙКОМОМ КАЗАКСТАНСКИМ ОБЛИСПОЛКОМОМ И ОДИН РАЗ ПЕРЕД ПРЕДСЕДАТЕЛЕМ СОВЕТА МИНИСТРОВ КАЗАХСКОЙ ССР О ВЫДЕЛЕНИИ СВОИХ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ В КОМИССИЮ ДЛЯ ПРОВЕДЕНИЯ  РАБОТЫ ПО ПРИЕМУ И ПЕРЕДАЧЕ ЗЕМЕЛЬНОГО УЧАСТКА ТЧК КАК ОТ ЗАПАДНО-КАЗАКСТАНСКОГО ОБЛИСПОЛКОМА ТАК И ОТ СОВЕТА МИНИСТРОВ КАЗАХСКОЙ ССР МЫ ОТВЕТА НЕ ПОЛУЧИЛИ И УКАЗАНЫЙ УЧАСТОК НАМИ ДО СИХ ПОР НЕ ПРИНЯТ ТЧК В СВЯЗИ НЕОБХОДИМОСТЬЮ РАЗМЕЩЕНИЯ СКОТА И ПОДГОТОВКОЙ ВЕСЕННОМУ СЕВУ ПРОСИМ ВАС ДАТЬ УКАЗАНИЕ СОВЕТУ МИНИСТРОВ КАЗАКСКОЙ ССР О НЕМЕДЛЕННОМ ВЫДЕЛЕНИИ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ДЛЯ ПЕРЕДАЧИ УКАЗАННОГО УЧАСТКА В НАТУРЕ ТЧК О ВАШЕМ РЕШЕНИИ ПРОСЬБА СООБЩИТЬ ОБЛИСКОМУ НР 81 ПРЕДОБЛИСПОЛКОМА ПЕТРОВ;

    Ф.  7523.  Оп. 40.  Д. 190.  Л. 2.

 

Алма-Ата

Председателю Совета Министров Ундасынову

Прошу Вас дать указания об ускорении оформления передачи земельного участка Урдинского района Западно-Казахстанской области Казахской ССР в состав Астраханской области РСФСР согласно указа президиума Верховного Совета СССР от ноября 1947 года.

18.III -1948 г.                                                                    А. Горкин

Ф.  7523.  Оп. 40.  Д. 190.  Л. 3.

--------------------------------------------------------------------------------------------

 

Т Е Л Е Г Р А М МА

 ПРАВИТЕЛЬСТВЕННАЯ

 

6   1/72                  6/4 1725    Жаркову          (штамп:   6 апрель 1948 г.)

 

ПРАВИТЕЛЬСТВЕННАЯ МОСКВА

ПРЕЗИДИУМ ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СОЮЗА ТОВАРИЩУ ГОРКИНУ-

 

26      25 АСТРАХАНИ 06/10 104   6/4 1657-

УКАЗОМ ПРЕЗИДИУМА ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СОЮЗА

ОТ 4 НОЯБРЯ 1947 ГОДА

В СОСТАВ АСТРАХАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПЕРЕДАН ЗЕМЕЛЬНЫЙ УЧАСТОК 180 ТИРЕ 200 КВАДРАТНЫХ КИЛОМЕТРОВ ИЗ УРДИНСКОГО РАЙОНА ЗАПАДНО КАЗАКСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ТЧК ДО СИХ ПОР ПО ПРИЧИНЕ НЕЖЕЛАНИЯ ПЕРЕДАТЬ УЧАСТОК СО СТОРОНЫ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ АСТРАХАНСКОЙ ОБЛАСТЬЮ ЭТОТ УЧАСТОК ЗЕМЛИ НЕ ПРИНЯТ ЧТО ЗАДЕРЖИВАЕТ РАЗМЕЩЕНИЕ СКОТА И РАЗВОРОТ ВЕСЕННОГО СЕВА ВЛАДИМИРОВСКОГО РАЙОНА АСТРАХАНСКОЙ ОБЛАСТИ ТЧК- ОБЛИСПОЛКОМ ВТОРИЧНО ПРОСИТ ВАС ДАТЬ УКАЗАНИЕ СОВЕТУ МИНИСТРОВ КАЗАХСКОЙ ССР О НЕМЕДЛЕННОМ ВЫДЕЛЕНИИ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ДЛЯ ПЕРЕДАЧИ УКАЗАННОГО УЧАСТКА В НАТУРЕ ИЛИ РАЗРЕШЕНИИ ДО ОФИЦИАЛЬНОЙ ПЕРЕДАЧИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ УЧАСТКА КОЛХОЗАМИ НАШЕЙ ОБЛАСТИ НР 111-ПРЕДОБЛИСПОЛКОМА - ПЕТРОВ;

1725                                                                      Ф.  7523.  Оп. 40.  Д. 190.  Л. 4.

 

Угловая резолюция: «Тов. Швернику Н. Н.

Доложено.

7.VI-48 г.»

СПРАВКА

Тов. ЕЛЬЦОВ А.Г.  (Управление Делами Совета Министров СССР) сообщил, что 21 мая 1948 года на имя Председателя Совета Министров Казахской ССР тов. УНДАСЫНОВА Н.Д. послано письмо за № С-6077 (подписано тов. ЧАДАЕВЫМ Я.Е), в котором сообщено что Совет Министров СССР отклонил ходатайство Совета Министров Казахской ССР об оставлении территории южной части Урдинского района Западно-Казахстанской области в составе Казахской ССР.

 

 7.VI-1948 г.                                                                                                              (подпись)                                               Ф.  7523.  Оп. 40.  Д. 190.  Л. 5.

---------------------------------------------------------------------------------------------------                                                Алма-Ата

Председателю Совета Министров Ундасынову

Прошу сообщить о принятых вами мерах по телеграмме тов. Горкина о передаче земельного участка Урдинского р-на Западно-Казахстанской области Казахской ССР в состав Астраханской области РСФСР.

 

Информстатотдел                  Ребров

9 апреля 1948 г.

Ф. Р. 7523.  Оп. 40.  Д. 190.  Л.

Телеграмма                                                      Канц.президума Верх.Совета

                                                      13 апреля 1948 г.  № 1861.

Правительственная. Москва.

Верховный Совет СССР                                            тов. Реброву

 32 пр. Алма-Ата.  4711  28      13/4   1233 – Берсеновская набереж.

О передаче земельного участка Урдинского р-на Астраханской обл.                                                               тов-у Швернику.                                                               послана телеграмма 24 марта

 

НР 3174.     1433                                            Зам. Предсовета Министров                                                                                                       А.А. Заговольев

                                                                                       Ф. Р. 7523.  Оп. 40. Д. 190.  Л. 7.

      Справка

По сообщению тов. ЗАКС тел-ма на имя

тов. Шверника поступила шифрованная.

 

       Верно: (қолы).

4 ноября 1947 года                                                                14 апреля 1948 года.

14 апреля 1848 года      

Всего: 8 листов.                                            Ф.  7523.   Оп. 40.  Д. 190.  Л.8.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

     секретно

                              О П И С А Н И Е

Границы между Казахской ССР и РСФСР в соответствии с постановлениями Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 13 декабря 1955 года и Президиума Верховного Совета РСФСР от 7 марта 1956 года.

 

В связи с передачей южной части Джаныбексого района из Западно-Казахстанской области в состав Владимирского района Астраханской области, устанавливается следующая граница между Казахской ССР и РСФСР.

Линия новой границы проходит по открытой степной местности, начиная от точки, расположенной в одном километре юго-восточнее разъезда № 400 железной дороги Саратов-Астрахань, идет в юго-восточном направлении на протяжении 11,4 км и выходит на повротоную точку существущей границы, что в 1,7 км северо-западнее озера Тургай;

далее сохраняется существующая граница до точки, что в 0,4 км юго-восточнее восточной оконечности озера Тургай, откуда граница на протяжении 14,5 км идет в юго-восточном направлении через южную часть сухого лимана озера Акбидаек (қазақ даласында «Бидайық» деген жер атаулары көп кездеседі - Д.Е.), в одном километре южнее аула Сарбаста и в 0,5 км южнее развалин Танка (қазақта «Таңқы» деген де жер атаулары бар – Д.Е.), затем, доходя до точки, что в 2 км юго-восточнее развалин Танка, поварачивает на юго-запад                                                  Ф.  7523.   Оп. 107.  Д. 200. Л. 2.

 

Қорытындылай айтқанда, міне осы деректердің өзінен-ақ көрініп тұрғандай сол кездегі Қазақстан мемлекет билігінде отырған азаматтарға (Н. Оңдасынов, Ж. Ташенов, Д. Қонаев т.б.) оңай болмағандығын, оларға орталық билік тарапынан қандай қысымдар жасалынғандығын сезінуге болады. Ұлт қайраткерлері арқасында жинақталған ата мекеніміз кеңестік солақай саясат кесірінен түрлі желеулермен (экономикалық, этникалық, саяси) көршілес республикаларға (Ресейдің Астрахан, Орынбор, Омбы және Алтай өлкесі; Қытый, Қырғызстан, Өзбекстан т.т. Бұл тартыстардың бәріне жекелеп тоқталып, тарата жазу үшін арнайы зерттеулер қажет) үлестіріліп берілді. Мақаламыздың  өзегіне айналып отырған жер, шекара  мәселесі арада жүз жыл өтсе де күні бүгінге дейін актуалды проблемалардың біріне айналып отыр. Қазақстанның шығыс өңірі мен солтүстік аймақтарындағы ұлттардың орналасуы әлі де болса алаңдатарлықтай жағыдайда,  бұл өңірлерде әлі күнге дейін славяндықтардың үлесі басым, ал қазақтардың пайыздық үлесі небары 35-40 пайыздан аспайды. Бұл облыстардың  Ресеймен тікелей шекаралас екенін өз алдына  ара-тұра болса да солтүстіктегі көрші жұрттың билікке жақын жүрген баз бір саясаткерлері тарапынан (бәлкім тарихи ақиқатты білмейді немесе білгісі де келмейді) «Қазақстанның солтүстіктегі бес облысы Ресейге тиесілі, орыс жері» деген атойға толы ұрандары кейінгі кездері  жиі естіліп жүр. Бұл таласты мәселелердің қалайша туындағанын жоғарыда келтірілген деректерден байқауға болады.

Осы тұрғыда айтар ұсынысымыз Ресей мұрағаттарында (Мәскеу, Петербор, Астрахан, Орынбор, Омбы, Новосібір, Төмен, Барнаул т.б.) тұңып жатқан тарихи құнды жәдігерлік деректерімізді жинақтап алуымыз өте қажет. Кезінде Алаш автономиясы тарихын мұрағат деректерін негізге алып, зерделі зерттеулерімен өзінің тұғырлы биігінен көріне білген танымал тарихшы, академик Кеңес Нұрпейіс өз еңбегінде: «Біздің институттың (Ғылым Академиясы тарих және этнология институты -Д.Е.) ұстанып отырған тұғырнамасы - қазақ мемлекеттілігінің тарихын 2000-жылдан да ары қарай тереңдету. Сақ, Үйсін, Қаңлы, Керей, Қыпшақ, Оғыз, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің негізінде түркі тілдес,  VIII-XIX ғасырлардан бастап мұсылман діндес тайпалардың мемлекеттік құрылымдары болған. Географиялық шекарасы қазіргі қазақ елінің аумағында болған арғы-бергі мемлекеттік құрылымдардың бәрі қазақ хандығының арғы тегі»,- деп кесімді пікір білдірген екен.  Біз де осы пікірдеміз. Ғасырлар бойы қазақ халқында негізінен екі дау болса соның бірі жер дауы. Қазіргі уақыттағы кейбір мемлекеттер арасында (таяу шығыс елдері, Уркаинадағы жағыдай, Қырымды аннексиялау, Қарабақ уақиғасы т.т) ушығып тұрған шиеленістер де жер дауларынан туындап отыр. Сондықтан да тарихи нақты деректерге негізделген шын тарихымызды біле жүргеніміздің артықтығы болмайды. Еліміз аман, жұртымыз бүтін, шекарамыз берік болғай.

Дәуренбек  Ескекбаев                                                                                            

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341