Сенбі, 23 Қараша 2024
Одақтастың ойы 4058 21 пікір 28 Желтоқсан, 2022 сағат 13:41

Петербор және сақина

Жыл сайын Ресей басшысы Владимир Путин Петербор қаласында ТМД елдерінің басшысын жинап, желтоқсанның соңында бейресми басқосу форматында жиын өткізеді. Әдетте жиын 25 желтоқсаннан кейін болады. Биыл ТМД басшылары 26-27 желтоқсанда Ельцин атындағы президенттік кітапханада бас қосты. 

Неге Мәскеу емес, неге Петербор? Сарапшылар Путин Петерборды Ресей империясының астанасы болғаны үшін таңдағанын айтады. "Бұл бір жағынан Ресейдің империялық пиғылын көрсетсе, екінші жағынан Путиннің өзін патша тәрізді сезінетінінің көрінісі" дейді.

Бейресми басқосуда ТМД басшылары өткен жылдың қорытындысын жасап, келер жылға экономикалық, саяси және әскери салада әріптестікті жоспарлайды. ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында кикілжіңдер болса, оларды шешуге тырысады. 2022 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында қарулы қақтығыстар артты, ескі қақтығыстар ушықты.

Бұ жолы жиында Путин келген басшыларға ерекше сыйлық берді. Кремль басшысы ТМД клубына мүше ел басшыларына "С Новым годом 2023" атты жазуы бар алтын сақина сыйлаған. Сыйлықтың берілгені жайлы ақпарат алғаш рет Беларусь басшысы Лукашенконың саясатын насихаттайтын  "Пул Первого" телеграм арнасында пайда болды. Суреті де жарияланды.

На саммите СНГ Путину и другим лидерам подарили девять колец

Сақина Лукашенко, Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Сердар Бердымұхамедов, Эмомали Рахмон, Ильхам Әлиев, Шавкат Мирзиёев пен Никол Пашинянға арналып жасалған. Жария түрде сақинаны Беларусь басшысы Лукашенко ғана тақты, сол арқылы Путинді "нақты әрі соңына дейін қолдаймын" деген ым-ишара білдірсе керек.

Песков сақиналарға қатысты былай дейді: "Бұл сақиналарға аса мән берудің қажеті жоқ. Бұл бар болғаны Жаңа жылдық сыйлық қана". Ол сақинаны Путиннің тақпайтынын айтты.

Сақинаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі жорамалдар айтып, әзілдеп жатыр. Бірі әйгілі "Сақиналар әміршісі" фильмімен салыстырса, енді бірі "бұл бейресми бірлестік нышаны болуы мүмкін" деп жазуда.

Ка Мырза

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342