Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3606 0 пікір 13 Тамыз, 2009 сағат 11:29

Жоғарғы сот «Алма-Ата инфо» газетін уақытша жабу туралы шешімді күшінде қалдырды

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Жоғарғы соттың қадағалау алқасы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алма-Ата инфо» газетінің жарыққа шығуын уақытша тоқтату туралы шешімін күшінде қалдырды.

«Соттың шешімі - өзгеріссіз қалдырылсын, қадағалаушы арыз қанағаттандырылмайды», - деп мәлім етті Жоғарғы соттың қадағалау алқасының төрағасы Анатолий Смокин бейсенбі күні алқаның отырысы барысында.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Медеу ауданы прокурорының «Алма-Ата Инфо» газетіне қарсы жазған Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметтік хаттарын жариялағаны үшін шағымын  қарап, газеттің жарыққа шығуын бір ай мерзімге тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі.

ҚазТАГ агенттігіне «Алма-Ата инфо» газетінің журналисі Владимир Воевод хабарлағандай, газеттің жарыққа шығуын тоқтатудың заңсыздығын дәлелдеу редакция үшін оның арнаулы қызмет мемлекеттік құпияларды жария етті деп айыптап отырған басылымның бас редакторы Рамазан Есергеповтың тағдырына оң ықпал етуі үшін маңызды болған еді.

Еске сала кетейік, 8 тамызда №2 Тараз қалалық сотының үкімімен Р. Есергепов жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен үш жыл бас бостандығынан айырылып, оған екі жыл бойы баспагерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Р.Есергеповты 6 қаңтарда Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД қамауға алды. Оған қатысты ҚР қылмыстық кодексінің «мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» баптары бойынша айып тағылды. Бұған «Алма-Ата инфо» газетінде 2008 жылдың  21 қарашасында жарық көрген «Кто управляет нашей страной: президент или КНБ?» атты мақаласы себеп болды. Онда Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті бастығының қызметтік хаты жарияланды. Арнаулы қызмет өкілдерінің бағалауынша, бұл хат құпия құжаттарға жатады. Құқық қорғаушылар бұл айыптың саяси астары бар деп есептейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282