Жұма, 22 Қараша 2024
1721 2 пікір 29 Желтоқсан, 2022 сағат 14:46

Қайрат Сатыбалды ісі: Өзге эпизодтар тексеріліп жатыр

Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатыр. Бұл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты.

«Басты іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, шешім шығарылды. Енді, ары қарай тиісті жұмыстар жүргізіледі», - деді Ұ. Сарқұлов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ұлан Сарқұлов Қайрат Сатыбалдыға қатысты үкімде қамтылған деректерден бөлек, қазір басқа эпизодтар тергеліп жатқанын нақтылады.

«Тергеу құпиялығын сақтау мәселесі бар екенін түсіну керек. Егер барлық деректерді ашық жарияласақ, онда бұл әрекет тергеуге кедергі келтіруі мүмкін», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталған болатын. Сонымен қатар, Бас прокуратура оған қатысты басқа істер қаралып жатқанын мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5331