Әскери қызметшілердің жалақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылы ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысы орта есеппен 60%-ға артады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов айтты.
«Сондай-ақ келесі жылы ҚР Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріндегі әскери қызметшілердің лауазымдық жалақысын 20%-ға арттыру жоспарланған», - деді Сұлтан Камалетдинов.
Спикердің айтуынша, әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту жұмыстары да жалғасуда.
«Осыған байланысты Үкімет 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланның ұшу құрамының лауазымдық жалақысын арттыруды, әскери медицина қызметкерлерінің ақшалай үлесін азаматтық медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне жеткізуді, жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын азаматтық ЖОО деңгейіне дейін арттыруды, ТЖ зардаптарын жою кезінде ақшалай қаражаттың Ұлттық ұланмен және ІІМ-мен бірдей 3 еселенген мөлшерін мақұлдады», - деді С. Қамалетдинов.
Abai.kz