ТЖМ қатаң ескертеді: Жолдар жабық!
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа-райының күрт бұзылуына байланысты 9 аймақта республикалық маңызға ие автожолдардың жабылғаны хабарланған еді. Бүгін ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов Қазақстанның 3 өңірінде ауа-райының қолайсыздығынан 5 адамның жоғалып кеткенін мәлімдеді.
«Құтқарушылар Атырау облысында, Қарағанды мен Ұлытау облыстарында іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Атырау облысы, Құрманғазы ауданында 1 қаңтар күні 50 жастағы ер азамат жоғалып кеткен. Ал Қарағанды облысының Шет ауданында 2 қаңтар күні 45 жастағы малшы жоғалды. Ұлытау облысындағы Ұлытау ауданында 2 қаңтарда тағы 3 адам Қасақпай ауылынан Бұлмаш қыстауына қарай жолға шығып, жоғалып кетті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты тікұшақтарды ұшуры мүмкін болмай тұр», - деді министрліктің ресми өкілі.
Бұрқасын боран мен көктайғаққа байланысты автожолдардың 79 учаскесі жабылды. Оның 32-сі республикалық маңызға ие жолдар.
Жолда қалған көліктер мен көлік техникаларының кептелісі келісі бағыттарда анықталды:
- Астанадан шығар жолда, Қарағанды облысына қарай 300-дей көлік техникасы тұр. Ал Павлодар облысына қарай 100-ге жуық көлік техникасы жолда. Жылыту орталықтарындаадам жоқ. Эвакуациядан бас тартуда.
- Павлодар облысындағы Шідерті елдімекенінен Ақмола мен Қарағанды облыстарына қарай жолда 66 техника тұр. Жылыты орталықтарында 236 адам, соның ішінде 16 бала бар.
- Қарағанды облысындағы Ақсу-Аюлы елдімекенінен Астанаға қарай жолда 23 көлік техникасы, Балқашқа қарай 126 техника, Теміртауға қарай 17 техника тұр. Жылыту орталықтарына 20 адам барған.
- Тараздан Түркістан облысына қарай жолда жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. 318 көлік техникасы тұр. Ал жеңіл көліктердің жүруіне рұқсат.
- Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында Төтенше жағдайлар департамені қызметкерлері Түрген-Ботан автожолында қар көшкініне тап болған 38 жеңік көлікті құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жылы тамақ ұйымдастырылып, әйелдер мен балалар эвакуацияланған.
Ауа-райының күрт бұзылуына байланысты арнайы республикалық штаб құрылған. Осындай штабтар Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Жетісу облыстарында да ашылған.
Өткен тәуліктер Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 725 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Олардың 137-сі балалар. 124 көлік техникасы қар құрсауынан шығарылды. Автожолдарда қар құрсауында қалып қойғандарды эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасады. Ол үшін 200 техника жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына 4163 адам, 1343 техника жұмылдырылған.
Abai.kz