Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2667 7 пікір 6 Қаңтар, 2023 сағат 15:15

ҰҚШҰ көмегі: Ресей әскеріне қарыздармыз ба?

Бір жыл бұрын 6 қаңтарда елімізде антитеррористік операция жүргізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға «террорлық шабуыл жасалғанын» айтып, ҰҚШҰ ұйымынан көмек сұрады.

«Мен контртеррористік штабқа жетекшілік етемін. Бандиттер, біз жақсы білеміз, нағыз террористер жасаған террорлық шабуыл жасады. Олар қазіргі уақытта Алматыда да, басқа қалаларда да ешкімге бағынбайды, ғимараттар мен инфрақұрылымдарды басып алып жатыр, ең бастысы атыс қаруы орналасқан ғимараттарды басып алып жатыр. Олар мектеп курсанттарымен қақтығысқа түсті. Қазіргі уақытта Алматы маңында ӘБ әуе-десанттық бөлімшесі олармен ұрыс жүргізіп жатыр», - деді Президент.

Президент террористік бандалардың халықаралық сипатта екенін ескеріп, олардың шетелде жақсы даярлықтан өткенін және Қазақстанға шабуыл жасауын агрессия актісі ретінде қарау керек деп санайтынын айтты.

«Осыған байланысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа сүйене отырып, Мен бүгін ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына Қазақстанға көмек көрсетуге шақырдым», - деп мәлімдеді Тоқаев.

ҰҚШҰ әскері Қазақстанға келді. Бас прокуратура «Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен елде антитеррористік операция өткізілетінін, осы күннен бастап құқық қорғау органдары мен Қарулы күштер террористерді жою үшін қару қолдана бастағанын» хабарлады.

ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстанда көп тұрақтаған жоқ. Ресми ақпарат бойынша: Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстан Республикасында мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар нысандарды күзету жөніндегі міндеттерді орындаған. Бітімгерлер ұрыс қимылдарына қатыспаған.

Бітімгерлер 13 қаңтардан бастап елден шығарыла бастады. Армения, Беларусь және Өзбекстаннан келген бітімгерлер 14 қаңтарда еліне оралды. 16 қаңтарда Ресей әскері шығарылды. 19 қаңтарда Қазақстандағы барлық ҰҚШҰ бітімгершілік әскері шығару аяқталды.

Осыдан соң, Ресейлік саясатшылар: «Қазақстан Ресейге ҰҚШҰ көмегі үшін қарыз», - деген әңгімелерді жиілетті.

Бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ресейдің кейбір адамдары «Ресей Қазақстанды құтқарды», енді «Қазақстан мәңгі қарыз, Ресейдің аяғына жығылып өтуі керек» деген сөздерді айтып, көпшіліктің ойын бұрмалап жүр. Бұл мүлде шындыққа келмейтін сөздер», - деді.

Мемлекет басшысы о бастан ҰҚШҰ бітімгерлерінің күштік әрекеттерге қатыспайтыны туралы уағдаластық болғанын атап өтті.

«Шындығында ҰҚШҰ контингенті тарапынан бірде-бір оқ атылған жоқ, олар мұнда 10 күннен артық болған жоқ», - деді Қазақстан Президенті.

Ресей былтыр Украинаға басып кірген соң, бұл әңгіме тағы да өрши бастады. Кремльдің соғысты насихаттаушылары «Қазақстан қаңтарда берген көмегімізді ұмытып кетті» дегенді шығарды.

Саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, Ресейліктердің осылай деуіне билік өзі жол берді.

«Қазақстан Ресейге ҰҚШҰ көмегі үшін қарыз емес. Елге келгені 2300-дей бітімгер, оның мыңнан көбі Ресейдікі. Бір мың әскердің Қазақстанды ешнәрседен қорғап қалмағаны айдан анық. Бірақ өзіміз ҰҚШҰ-ны шақыру арқылы Ресейдің «Қазақстанды құтқарып қалдық» деуіне жол бердік. Бұл біздің басшылардың қателігі.

ҰҚШҰ-ны шақыру геосаясат тұрғысынан қате болды. Себебі, бұл ҰҚШҰ-ның негізгі мақсатына үлкен өзгеріс әкелді. Ұйым, шындығында, сыртқы жаудан қорғану үшін құрылған болатын. Ол ішкі мәселеге, тіпті ел ішінде революция болса да араласуға құқығы жоқ.

Жалпы елде тәртіпсіздік болған кезде, өз әскеріне сенбеген кезде, шешудің екі жолы болады. Бірі – сырттан әскер шақыру. Екіншісі – халықтың өзін-өзі қорғауына мүмкіндік беру. Мысалы, Францияның алғашқы революциясы кезінде халық өзінің коммунна, әскерлерін құрып, тыныштығын бұзғандарды қуып шықты. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында кейбір елді-мекендерде полициямен бірігіп, өзін-өзі қорғау жасақтары құрылды. Блок-посттар қоя бастады. Осындай жағдайда Тоқаев мырза халыққа сүйенуі керек еді. Шет жақтан әскер шақырғаннан гөрі, өз елінің азаматтарына сенуі керек еді. Президент осының қате жолын таңдады», - дейді Дос Көшім.

Айжан Темірхан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341