Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
2442 8 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 16:00

Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстады.

«Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - деп атап өтеді комитеттің баспасөз қызметінен.

Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1590
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3206
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1192
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1102